Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 464 726
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
308 528 607 432
Келіп түскен өтініштер
27 357

Қате немесе артық төленген аударымдар мен жарналарды қайтару қалай жүзеге асырылады?

Егер адам басқа ЖСН -ге жарна төлеген болса, енгізілген күн немесе деректерқате болса, ақшаны қайтаруға немесе басқа мерзімге қайта төлеуге бола ма?

МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Мемлекеттік корпорациялар мекен-жайынgov4c.kz сайтынан табуға боладыӨтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды.

Мемлекеттік корпорация келесі себептер бойынша ақшаны қайтармайды:

  • Өтініште банктік деректемелер қате көрсетілсе
  • Өтініш ҚР ДСМ 2017 ж. 30 маусымдағы N478 бұйрығында бекітілгентүрінде жазылмаса
  • Өтініште қайтару себептері қате көрсетілсе
  • Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе
  • Егер ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса
  • Егер ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерімен расталмаса
  • Егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе(немесе шетел азаматының отбасы мүшесі)

Өтінішті сайт арқылы беруге болады https://eotinish.kz/

Сіз өтініш бланкілерін жүктей аласыз.