Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру сатып алу веб-порталында медициналық ұйымдар берген өтінімдер негізінде тұрақты жүзеге асырылады – fms.ecc.kz.

Өтінімге мынадай құжаттар бірге  беріледі:

  • заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін-жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
  • медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі және денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы орналасқан жерде тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын  қосымшалар.  

Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықпен сатып алу веб-порталының басты бетіндегі «Анықтама» бөлімінде, бұдан әрі – «Медициналық қызметтерді сатып алу», «Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық»  бөлімінде танысуға болады. 

Портал пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету 24/7 (демалыссыз): 8 (7172) 73-55-20, sk-pharmacy@ecc.kz