Бос орындар

КАДРЛЫҚ САЯСАТ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ кадрлық саясатын жетілдіру Қоғамның тұрақты, ұзақ мерзімді дамуының маңызды факторларының бірі болып саналады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қызметкерлері - Қордың стратегиялық ресурсы. Жоғары білікті және ынталы қызметкерлер - табыс кепілі болып табылады. Қор қызметкерлерді жалдау, оқыту, ынталандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру, сондай-ақ мүмкін болатын еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жоғары сапалы саясатты қолдану арқылы кәсіби мамандар тобына ие болуға ұмтылады.

Қордың адами ресурстарды басқарудағы тәсілдері қызметкерлердің әлеуетін барынша арттыру, оларды барлық басқа ресурстарды пайдалану тиімділігін анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастыру қажеттілігіне негізделген.

Қордың персоналды басқару саясатының мақсаты - біртұтас, жауапты және өнімділігі жоғары адами ресурстарды құру. Персоналды басқару саясаты жұмысына қанағаттанушылық беретін, қызметте жоғарылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қолайлы еңбек жағдайларын ғана емес, болашаққа деген сенімділікті де құруы керек. Сондай-ақ, маңызды міндеттердің бірі персоналды басқару тиімділігін арттыру және қордың маңызды ресурсы ретінде кадрларды дамыту арқылы Қордың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қызметкерлерді жалдау, жалақыны анықтау, сондай-ақ кадрларды және жалпы әлеуметтік саясатты іске асыру кезінде Қор жасына, мәдени, діни, нәсілдік және басқа белгілері бойынша кемсітуге жол бермейді. Қор кемсітушіліктің барлық түрлерінің, балалар мен мәжбүрлі еңбекті пайдаланудың алдын-алуға, сондай-ақ кадрларды тек кәсіби қабілеттері, білімі мен дағдылары негізінде іріктеуге көмек көрсетеді

Қызметкерлер саны:

Директорлар кеңесі бекіткен Қордың штат саны 949 адамды құрайды, оның ішінде орталық аппаратта – 255, филиалдада – 694.

Еңбекақы:

Штат кестесіне сәйкес салықтық жеңілдіктерді ескере отырып Қорда келесі жалақылар белгіленеді:

Менеджер лауазымы - 170 000 теңгеден бастап;

Аға менеджер лауазымы - 250 000 теңгеден бастап;

Әкімшілік-басқарушылық құрамның лауазымы - 300 000 теңгеден бастап;

Басқарма Төрағасының орынбасарлары лауазымы – 850 000 теңгеден бастап.

ҚОРДАҒЫ КАРЬЕРА:

Біздің веб-сайтымыздың «Бос орындар» бөлімінде Сіз Қордың орталық аппараты мен оның филиалдарының бос жұмыс орындарымен таныса аласыз.