Басқарма

Шайхыбекова Гүлжан Тұрарқызы

Басқарма Төрағасының орынбасары

1974 жылдың 6 қазанында Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз университеті) «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша үздік аяқтады.

2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтады.

Қазақстаннан өзге Ресей, Германия, Швейцария, Корея сияқты көптеген шет мемлекеттерде біліктілігін арттырды.

Мансабы:

Өзінің медицина саласындағы еңбек жолын 1996 жылы Жетісу аудандық орталық ауруханасының статист-экономисі болып бастады.

1997 - 1999 жылдары ОҚО бойынша Міндетті медициналық сақтандыру қорының Қаржы басқармасының жетекші маманы, одан кейін Басқармасы басшысының м.а. (1999 жылы Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесі болып қайта құрылды);

2000 – 2001 жылдары – «Денсаулық» РМҚК ОҚО бойынша филиалының бас бухгалтері;

2001 – 2003 жылдары – ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының Экономика және қаржы бөлімінің бастығы;

2003 - 2005 жылдары - ОҚО Қаржы департаментінің бас маманы;

2005-2006 жылдары-Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетінің бөлім бастығы, одан кейін Басқарма басшысының орынбасары;

2006-2009 жылдары Басқарма бастығы, одан кейін ҚР ДСМ Қаржы департаменті директорының орынбасары;

2009 жылы – «ҚазТрансОйл»АҚ Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары;

2009 – 2015 жылдары - ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;

2015 жылы – «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК консультанты, одан кейін бас директордың орынбасары;

2016-2018 жылдары-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары;

2018-2019 жылдары – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Стратегиялық басқару және даму департаментінің директоры;

2020 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қазанға дейін – Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры;

2022 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгі (2008 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медаль (2011 жыл), «Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2014 жыл), мемлекеттік награда - «Шапағат» медалі (2014 жыл), «Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін» төсбелгі (2016 жыл).

Мұхамеджан Ілияс Тұнғышқанұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

1981 жылы 22 сәуірде дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Қазақ ұлттық медицина университетінде "хирургия"мамандығы бойынша интернатураны бітірді.

2004 жылдан 2008 жылға дейін Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында Жалпы урология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2013 жылға дейін Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

2013-2017 жылдары - Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының Басқарма Төрағасының ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі орынбасары лауазымында болды.

2019-2020 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың қазанынан - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында еңбек еткен кезінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде магистратураны бітірген.

Нұралиев Айдар Аллабергенұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

1986 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген.

2007 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық құқық мамандығы бойынша бакалавр;

2009 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық құқық мамандығы бойынша магистр;

2015 жыл - University College London, жобаларды басқару магистрі (Msc Project and enterprise management);

2017 жыл - Geneva Business School, Executive MBA дәрежесі;

2021 жыл - Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, қаржы магистрі.


2006 – 2008 жж. – «Law Company «Veritas» ЖШС заңгер

2008 – 2010 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекші маманы

2010 ж. – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі

2010 – 2012 жж. – Президент Әкімшілігінің сарапшысы

2012 – 2014 жж. – Батыс Қазақстан облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары

2016 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары

2016 – 2017 жж. – Қазақстан Республикасы Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту бойынша Үкімет пен Дүниежүзілік Банк жобасының консультанты

2017 – 2020 жж. – Атырау облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

2020 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры

2020 – 2021 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.