Қор туралы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2016 жылы 1 шілдедегі № 389 қаулысына сәйкес құрылған.

Миссия

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы елдің әрбір азаматын күтпеген жерден жоғары шығыстардан қаржылық қорғауды қамтамасыз ету

Пайымдауы

Қор-өз қызметін тұрақты даму қағидаттарында жүзеге асыратын, халықтың сенімін пайдаланатын және медициналық қызметтер нарығын дамытуға жәрдемдесетін әлеуметтік бағдарланған транспарентті ұйым.

Қордың Міндеті

№1 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер айқындалды:

  • - МӘМС жүйесіне қатысуды арттыру
  • - Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру

№2 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер айқындалды:

  • - Медициналық қызметтер көлемін және тарифтік саясатты жоспарлауды жетілдіру
  • - Медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу тетіктерін жетілдіру

№3 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер анықталды:

  • - Медициналық көмек сапасының проактивті мониторингі тетіктерін енгізу
  • - Пациентпен кері байланысты жетілдіру

№4 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер айқындалды:

  • - Корпоративтік басқаруды дамыту, процестердің қауіпсіздігі мен реттілігін қамтамасыз ету
  • - Адами капиталды дамыту