Контакт-орталығы

Міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру мәселері бойынша кеңесті 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығынан алуға болады.  Қазақстанның барлық аумағына ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.  

Жұмыс күндері байланыс орталығы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мереке және демалыс күндері, сондай-ақ түнгі уақытта халыққа IVR қызмет көрсетеді. Бұл байланыс орталығының ішіндегі қоңыраулардың бағытын анықтайтын алдын-ала жазылған дауыстық хабарламалар жүйесі.

Егер өтініш дереу араласуды қажет етсе, жүйе оны тәулік бойы жұмыс істейтін аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының байланыс орталықтарына жібереді. Егер мәселе түсіндіру, консультациялық сипатта болса, ол жүйеде сақталады және келесі күні байланыс орталығының операторлары өз функционалына кіріскен кезде мәселе тіркеледі және жұмысқа қабылданады.

2020 жылы 1406 байланыс орталығының операторлары тұрғындардан 719 мыңнан астам өтінішке жауап берді.