Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 425

Жарна қалай төленеді

Жұмыс беруші

Кім үшін төлеу керек?

Жұмысшылар үшін

Қанша?

2024 жылы жұмыскердің еңбек ақысының 3%-ын құрайды, бірақ 25 500 теңгеден артық емес, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.

Төлем мақсатының коды

Аударымдар екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі немесе Қазпошта арқылы келесі шотқа аудару қажет: KZ92009MEDS368609103
BSN 160440007161
BSK GCVPKZ2A
Төлем мақсатының коды - 121.

Маңызды

  • ЖСН мен алушының толық атын көрсетіңіз;
  • ақшаны қайтаруды 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз: егер қайтару болмаса, жеке кәсіпкер мен оның қызметкерлері МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы, егер қайтару болса, деректерді қайта тексеріңіз;
  • есептерді дайындау және салық органдарына ұсыну;
  • төлемді аудару туралы қызметкерлеріңізді хабардар ету;
Жеке кәсіпкер

Кім үшін төлеу керек?

Өзі үшін

Қанша?

2024 жылы төлем 5 950 теңгені құрайды (ең төменгі жалақының 1,4 мөлшерінен 5%-ы)

Төлем мақсатының коды

122

Қалай төлеуге болады?

Төлемді Екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz, HalykBank, BCC.KZ мобильді қосымшалары арқылы аударуға болады, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету Касса 24 және Qiwi әмиян терминалдары арқылы.

Маңызды

  • ЖСН мен алушының толық атын көрсетіңіз;
  • ақшаны қайтаруды 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз: егер қайтару болмаса, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы, егер қайтару болса, деректерді қайта тексеріңіз
  • есептерді дайындау және салық органдарына ұсыну;
  • төлемді аудару туралы қызметкерлеріңізді хабардар ету;
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға

Кім үшін төлеу керек?

АҚС шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаның кірістерінен жарналарды қызмет алушы (салық агенті) ұстайды және аударады.

Қанша?

2024 жылы - шарт бойынша алған табыстың 2%-ы,
бірақ 17 мың теңгеден артық емес, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс.

Төлем мақсатының коды

122

Қалай төлеуге болады?

Қызмет алушы АҚС шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаға МӘМС-ке төленген жарналар туралы хабарлауы керек. Төлемдер тарихын egov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тексеруге болады.

Жалдамалы жұмысшы

Кім үшін төлеу керек?

Қызметкерлердің кірістерінен жарналарды жұмыс берушілер ұстайды және төлейді

Қанша?

2024 жылы төлем жұмыскердің еңбек ақысының 2%-ын құрайды, бірақ 17 мың теңгеден артық емес, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс.

Төлем мақсатының коды

122

Қалай төлеуге болады?

Жұмыс беруші өз жұмысшыларын МӘМС-ке төленген жарналар туралы хабарлауға міндетті. Төлемдер тарихын egov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тексеруге болады.

Азаматтардың жеңілдікті санаттары

Кім үшін төлеу керек?

15 жеңілдік санатындағы жарналар – мемлекет төлейді

Қанша?

2024 жылы – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9% - ы, яғни мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылға дейінгі орташа айлық жалақы.

Жеңілдік санаттарына кімдер жатады

1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз.

Дербес төлеуші (тұрақты табысы жоқ және азаматтардың жеңілдік санаттарының тізіміне енгізілмеген жеке тұлға)

Кім үшін төлеу керек?

Өзі үшін

Қанша?

2023 жылы әр ай үшін 3 500 теңге, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдағы ай үшін - 4 250 теңге.

Төлем мақсатының коды

122

Қалай төлеуге болады?

Төлемді Екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, "Қазпошта" АҚ, Kaspi.kz, HalykBank мобильді қосымшалары арқылы аударуға болады, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету Касса 24 және Qiwi әмиян терминалдары арқылы.

Маңызды

  • ЖСН мен алушының толық атын көрсетіңіз;
  • ақшаны қайтаруды 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз: егер қайтару болмаса, МӘМС-те медициналық көмек алуға құқылы, егер қайтару болса, деректерді қайта тексеріңіз.