Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 831

Шетелде қалай емделуге болады

Пациенттерді шетелде емделуге жіберу Қазақстанда жеткілікті дамымаған немесе мүлдем жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Бағдарлама 2012 жылдан бастап жұмыс істейді.

Шетел клиникаларында емдеу іс-шаралары бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы ҚР ДСМ 45 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

ТМККК шеңберінде шетелде емделетін аурулардың тізіміне мыналар кіреді:

  1. Мидың хирургиялық қол жетпейтін функционалды маңызды аймақтарында орналасуына байланысты радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.
  2. Эндоваскулярлық емдеуге арналған ми діңі, жұлын тамырларының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмдер.
  3. Трансоральды алып тастау үшін бас сүйегінің негізінің ісіктері.
  4. Радиохирургиялық емдеуді қажет ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).
  5. Кератопротездеу.
  6. Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.
  7. Көмейдің стенозы.
  8. Кеңірдек стенозы.
  9. Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.

Мемлекет есебінен шетелге емделуге жіберуден мынадай жағдайларда рұқсат берілмеуі мүмкін егер:

  • қажетті процедура/манипуляция арқылы Қазақстанда емделуге болатын болса;
  • пациент ауыр жағдайда болса және медициналық араласу оң нәтиже бермесе;
  • пациент тасымалдауға жарамаса;
  • пациенттің ауруына қатысты тиімді емдеу әдістері болмаған жағдайда.
Квота алу үшін пациент республикалық денсаулық сақтау ұйымына жүгіну қажет, ол өз қорытындысын, сондай-ақ құжаттар топтамасын – жеке куәлік көшірмесін, пациенттің ауру тарихының көшірмесін және кемінде 3 (үш) отандық және (немесе) шетелдік медициналық ұйымдардың жетекші бейінді мамандарының қатысуымен консилиум шешімін, ӘМСҚ базасында жұмыс істейтін шетелді емдеуді ұйымдастыратыру жөніндегі комиссияның Жұмыс органының қарауына ұсынады.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № КР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларының 18-тармағына сәйкес шетелге емделуге жіберу үшін көрсетілімдер анықталған жағдайда ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде мамандандырылған медициналық көмек алуға жолдама беруді үшінші деңгейдегі мамандар жүзеге асыратының атап өткен жөн.

ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 116-бабына сәйкес, үшінші деңгей - жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі.

Шетелді емдеуді ұйымдастыратыру жөніндегі комиссияның Жұмыс органының байланыс ақпараты:

  • Шоманова Лаззат Асетқызы, 8 (7172) 67 41 90, email: l.shomanova@fms.kz;
  • Әбенова Назым Есмуханбетқызы, 8 (7172) 67 41 04, email: n.abenova@fms.kz;
  • Ғабдуллин Жаслан Мұратұлы, 8 (7172) 67 41 08, email: zh.gabdullin@fms.kz.
  • Шайкина Эльмира Мырзатқызы, 8 (7172) 67 41 02, email: e.shaykina@fms.kz;

Пациенттің құжаттарының толық пакетін алғаннан кейін Жұмыс органы емдеу бағдарламасын және шығыстарды калькуляциялау үшін бейінді шетелдік клиникаларға сұрау жібереді. Жиналған ұсыныстарды жұмыс органы 20 жұмыс күні ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясының ұарауына жібереді, ол қандай да бір клиниканы таңдау туралы шешім қабылдайды.

Квота барлық қажетті қызметтерді, сондай-ақ пациенттің және оны алып жүрушілерінің көлік шығындарын жабады. Бюджет қаражаты есебінен ақы төленбейді:

  • клиникадан тыс жерде тұру;
  • сәйкес келетін донорлық органның күту кезеңі;
  • емдеу бағдарламасына жатпайтын қосымша медициналық қызметтер және т.б.

Айта кету керек, өз бастамасы бойынша елден тыс жерлерге емделуге кеткен азаматтарға жұмсалған қаражат өтелмейді.

Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу процесін ұйымдастыруды жақсарту үшін шетелдік клиникаларда ем алған пациенттер үшін әзірленген сауалнамаға белсенді қатысуды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі. Сізге алдын ала алғыс айтамыз және зор денсаулық тілейміз.
file icon
ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесі
Жүктеу
file icon
ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесі
Жүктеу