Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 650

Тәуекелдіктерді басқару жүйесі

Тәуекелдерді басқару Қордың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және Қордың Даму стратегиясында айқындалған басқа да көрсеткіштер үшін тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингтеуге және оларды азайту жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған Қордың корпоративтік басқару жүйесінің түйінді құрауыштарының бірі болып табылады.

Тәуекелдерді басқарудың мақсаты анықталған және бағаланған тәуекелдерді қолайлы деңгейге жеткізу және Қор қызметіне әсер етуді барынша азайту болып табылады. Осыған байланысты жыл сайын Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін негізгі тәуекелдер бойынша Қордың тәуекелдер Тіркелімі мен Картасы қалыптастырылады. Бұл ретте Тәуекелдер тіркелімі Қордың Даму стратегиясында көзделген мақсаттар, міндеттер және ПӘК негізінде қалыптастырылады.

Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі COSO және ISO 31000 халықаралық стандарттарына негізделеді.

Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау құрылымы COSO халықаралық стандарттарының қағидаттарына сәйкес «қорғаудың үш желісінің» моделімен ұсынылған. Осы модельге сәйкес тәуекел иелері тәуекелдерді бағалауға, реттеуге және азайтуға, сондай-ақ ішкі бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге жауапты бірінші қорғаныс желісін қалыптастырады. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімді практикасының енгізілуін мониторингтеу, қамтамасыз ету және қадағалау функциясын жүзеге асыратын қорғаныстың екінші желісі болып табылады. Үшінші қорғау желісін Қордың Директорлар кеңесі және Қордың ішкі аудит қызметі ұсынады. Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне және Қор басшылығына бірінші және екінші қорғау желісі жұмысының тиімділігі бойынша баға береді.

Қор қызметінің елеусіз тарихи кезеңін және Қор белгілеген стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қордың өзіндік ерекше қызметіне ілеспе негізгі түйінді (сындарлы) тәуекелдер айқындалады.

Қорда тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаттарын, принциптерін және жұмыс істеу процестерін сипаттайтын тәуекелдерді басқару саясаты бекітілген.

Тәуекелдерді басқару Қордың әрбір қызметкерінің әрбір бизнес-процесінің және функционалдық міндеттерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қордағы тәуекел-мәдениеті тәуекелдерді басқару процесіне барлық құрылымдық бөлімшелердің тартылуы арқылы, сондай-ақ Директорлар кеңесі, Басқарма, Тәуекелдер және аудит жөніндегі комитет, сонымен қатар Қордың барлық құрылымдық бөлімшелері арасында тұрақты ақпарат алмасу есебінен дамиды. Тәуекел-менеджмент Қордың күнделікті жұмысына интеграцияланған және үнемі жетілдіріліп отырады.