Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 473 822
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
251 306 962 759
Келіп түскен өтініштер
24 200

Директорлар кеңесі

Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

Туған жылы: 09.07.1974

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

ДК-не сайланған күні: 04.10.2023 ж. (Жалғыз акционердің шешімі 04.10.2023 ж. № 608).

ДК мүшесі лауазымына өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі туралы Ережемен және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Білімі:

1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2017 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, Master of Business Administration іскерлік әкімшілендіру шебері дәрежесіне ие.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1995-2005 жылдары - маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы бөлімінің бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып бастады;

2005-2006 жылдары - Павлодар облысы Качир ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

2006-2008 жылдары - Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

2008-2010 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

2010-2012 жылдары - Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2014-2016 жылдары - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

2019 жылдан 2020 жылға дейін - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы;

2020 жылдан 2022 жылдың желтоқсанына дейін - Павлодар облысының әкімі.

2023 жылғы 20 қыркүйекте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Құлжанов Мақсұт Кәрімұлы

Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор

Туған күні, айы, жылы: 10.08.1949 жыл

ДК-не сайланған күні: 23.08.2022 ж. (Бірыңғай акционердің 23.08.2022 жылғы No743 шешімі).

ДК мүшесі лауазымына өкілеттілік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы Ережемен және өзге де ішкі құжаттармен регламенттеледі.

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі):

  • Қарағанды медициналық институты (1972 ж.)
    Дәрігер
  • Дипломнан кейінгі білім алу орталық институты, Мәскеу, Ресей (1986 ж.)

Ғылыми атақтары, дәрежелері:

  • Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Өтпелі кезеңде денсаулық сақтау саласын реформалау мәселелерін дәлелдеу» (1993 ж.);
  • Қоғамдық денсаулық сақтау профессоры (1995 ж.);
  • Virginia Commonwealth University профессоры (АҚШ, 2004 ж.)
  • Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары Мектебінің профессоры (2014 жылдан бастап)

Еңбек өтілі:

  • Республикалық клиникалық аурухана дәрігері (1972-1973);
  • Эпидемиология, микробиология және инфекциялық аурулар ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері (1973-1975);
  • Өлкелік патология ҚазҒЗИ аспиранты (1975-1978);
  • Кардиология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, гигиена және кәсіби аурулар ҚазҒЗИ кіші, аға және жетекші қызметкері (1978-1987);
  • Республикалық денсаулық қорғау орталығы бас директорының орынбасары (1987-1990);
  • Гигиена және кәсіптік аурулар ҚазҒЗИ лабораториясының меңгерушісі (1990-1992);
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1992-1997);
  • Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары Мектебінің ректоры (1997-2011);
  • ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы » ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары, Бас директор (2011-2013);
  • «Республикалық Медициналық Палата» ҚБ Басқарма төрағасы (2013 жылдан бастап)

Халықаралық ұйымдардағы мүшелігі:

  • ДДСҰ тұрақты комитетінің мүшесі (1994-1996);
  • Қоғамдық денсаулық сақтау Азиялық-Тынықмұхиттық академиялық консорциумының толық мүшесі (2002 жылдан бастап);
  • ДДСҰ атқару комитетінің мүшесі (2000-2004), (2015-2017);
  • COHRED басқарма мүшесі (2002-2010);
  • ASPHER директорлар кеңесінің мүшесі, APAC PH (2002-2011);
  • Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары Ұлттық ассоциациясы президенті (2002 жылдан бастап)
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Ұлттық палатасының президенті (2012 жылдан бастап)

Ғылыми еңбектері, жарияланымдары:

  • «Нарықтық жағдайда қаржыландыру және медициналық сақтандыру» кітабының авторы (1992), «Әлемдік денсаулық сақтау. Қазақстан үшін тәжірибесі» (1995), «Қазақстан денсаулық сақтау кадр саясатының стратегиясы» (1995), «Қазақстандағы медициналық сақтандыру» (1995), «Health in Transition in Kazakhstan» (1999), 160-тан астам жарияланымдары Health Diplomacy, European perspectives, WHO және тағы басқа баспаларда жарық көрді .

Тілдерді меңгеру:

Қазақ, орыс, ағылшын

Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы

Тәуелсіз директор

Туған жылы: 28.06.1957

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

ДК-не сайланған күні: 23.08.2022 ж. (Бірыңғай акционердің 23.08.2022 жылғы No743 шешімі).

ДК мүшесі лауазымына өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы Ережемен және өзге де ішкі құжаттармен регламенттеледі.

Білімі:

С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университеті (1979)

Қолданбалы математика-Математик

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Экономика ғылымдарының кандидаты, Профессор

Еңбек өтілі:

  • Алматы халық шаруашылығы институты қолданбалы математика кафедрасының оқытушысы, аспиранты, аға оқытушысы, доценті (1979-1992);
  • Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің «Микроэкономика» кафедрасының меңгерушісі (1992-1995);
  • Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (1995-1997);
  • Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы (01.1999-10.1999);
  • Қазақстан Республикасының Экономика министрі (1999-2000);
  • Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі (2000-2002);
  • Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (01.2002-06.2003);
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (06.2003-2004);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (06.2005-01.2006);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірінші вице-президенті (2006-2007);
  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы  АҚ президенті (2007-2008);
  • «Қазақ мұнай және газ институты» бас директорының кеңесшісі (2010-2014 жж.);
  • «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ  «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директорының кеңесшісі;
  • «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ   Басқарма Төрағасының кеңесшісі (қазіргі уақытқа дейін).

Ғылыми еңбектер, жарияланымдар:

Қазақ тілінде «Желілік бағдарламалау негіздері» (1991), «Микроэкономика бойынша практикалық сабақтар» (1994), «Инвестициялық институттар және жекешелендіру үдерістері» (1995), «Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар» (1996), «Жобалық талдауға кіріспе» (1996), «Микроэкономика» (1997, 2002), «Макроэкономика» (1997),  «Жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдарының сапа менеджменті жүйесі» (2005), «Қазақстандағы президенттік сайлау: фактілер, талдау, пікірлер» (2005), «Диспергенттер – КТҚС-да қолдану мүмкіндігін зерттеу» (2013), «ҚР Еңбек және жұмыспен қамту нарығының мәселелері» (2015), «Теңізде мұнайдың төгілуі және оларды жою әдістері» (2015), «Қазақстандағы еңбек нарығы және жұмыспен қамту» (2016) және «Инновациялық патент № 27658», «Еуропалық патент № 2947208» және т. б..

Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

1982 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

ДК-де сайланған күні 08.11.2022 ж. (Жалғыз акционердің шешімі 08.11.2022 ж. № 987).
ДК мүшесі лауазымына өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін
ДК мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі туралы Ережемен және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Білімі:
Қазақ ұлттық медицина университетін, Болашақ бағдарламасы бойынша Tulane университетін (АҚШ) бітірген.

Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2005 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы, хирургиялық аурулар кафедрасында клиникалық ординатураның тыңдаушысы қызметінен бастады.
2010 жылы – «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ-ның жетекші, бас маманы.
2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да Инновация және технологиялық трансферт департаментінің менеджері, бас менеджері, директоры болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ президенті.
2014-2016 жылдары – «Медикер» ЖШС Бас директорының орынбасары.
2016 жылғы ақпаннан тамызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің, Жобаларды басқару департаментінің директоры.
2017-2018 жылдары-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобалау басқармасы департаментінің директоры.
2018-2020 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылы - YDA Group жанындағы Kazakh-Turkish Consalting «KTC» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.
2021-2022 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сайынов Мұратбек

Тәуелсіз директор

Туған күні: 06.09.1973 ж.

ДК сайланған күні: 23.08.2022 ж. (Бірыңғай акционердің 23.08.2022 жылғы №743 шешімі)
ДК мүшесі лауазымына өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін
ДК мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі туралы Ережемен және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өзге ішкі құжаттарымен регламенттеледі
                    
Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі):
• Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы, «Педиатрия» мамандығы (1998 ж.);
• «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша интернатура (1998 ж.);
• «Шұғыл педиатриялық медицина» семинары, Salzburg, Австрия (2013 ж.);
• Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» Халықаралық стипендиясының түлегі., «Медицина қызметкері» бағдарламасы бойынша Medical Research Center «Comet» (Israel) тағылымдама (2014 ж.);
• Patient Blood Management – Focus on Perioperative bleeding management. Danube University Krems, Austria (Қаңтар, қараша 2016 ж.);
• Interdisciplinary Polytrauma symposium "Head and Neck in Focus". Medical University of Vienna, Austria (2019 ж.);
• Cеминарлар: « Медицина қызметкерлерінің медиативтік құзыреті»; «Key principles of international practice (JCI, ISQua) in the national accreditation system», American Gulf International; « Медициналық қызметтердің сараптамасы » (2019 ж.) және т.б.
  
Еңбек өтілі:
• Аудандық орталық аурухананың анестезиолог-реаниматологы (1999–2004 жж.);
• Дәрігер, «Сенімді Құрылыс» ЖШС (BECHTEL & ENKA) (2004–2008 жж.);
• Парамедик, жедел медициналық жәрдем, «Теңізшевройл» ЖШС, (2008 – 2011 жж.);
• Дәрігер анестезиолог-реаниматолог, ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК (2011–2019 жж.); 
• Дәрігер-сарапшы, жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог «№1 Көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ КМК (2019–2020 жж.);
• Пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің басшысы, Нұр-Сұлтан қ. «№2 Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК (2020 ж.); 
• Дәрігер реаниматолог-анестезиолог, Нұр-Сұлтан қ. ШЖҚ «Көпбейінді медициналық орталық» МКК (2020 ж. бастап); 
• Сапа және пациент қауіпсіздігі менеджмент орталығының сарапшы дәрігері, «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК (2022 ж. бастап).   

Ұйымдарға мүшелік:
• «Анестезиология және реаниматология (ересектер)» ҚР ДСМ тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы.
• «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 23.11.2010 ж. №907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (2018 ж.);
• «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ мүшесі;
• «Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ мүшесі; 
• «Қарағанды облысы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ мүшесі;
• Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің «Елордада МӘМС енгізу, халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру туралы» жұмыс тобының мүшесі (2021 ж.);
• ҚР ДСМ Медициналық қызметтерді стандарттау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу комитетінің мүшесі (2019–2020 жж.);
• Астана қаласы әкімдігінің «Психикалық денсаулық медициналық орталығы» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің мүшесі (2017–2020 жж.);
• Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 Перинаталдық орталық» МКК Бақылау кеңесінің мүшесі (2018–2020 жж.);
• Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің мүшесі (2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін);
• Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің мүшесі (2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Басылымдар:
«Ауыр біріктірілген жарақаты бар пациенттерде волюметриялық мониторингтің инновациялық технологияларын пайдалану», V Беломор симпозиумы, Архангельск қ., 2013; Evaluation of clinical effectiveness of inhalatory analgesics «Pentrox» for pain relief in ankle injures. Archives of the Balkan Medical Union, 2013; Clinical trial concerning using of inhaled anesthetic «Pentrox» in surgical practice. Archives of the Balkan Medical Union, 2013; «Травматология мен ортопедияда "Пентрокс" ингаляциялық анестетикасын қолдану тиімділігін талдау», 2013; « Ауыр термиялық жарақаты бар пациенттің қарқынды терапиясының жағдайы», «Травматология и ортопедия» ғылыми-практикалық журналы, 2014; Evaluation the efficacy and side effects of postoperative analgesia in patients after orthopedic surgery, European Journal of Anaesthesiology, 2016; « Сколиозды хирургиялық түзету жағдайда қан сақтайтын технологиялар», «Травматология и ортопедия» ғылыми-практикалық журналы, 2015; «Денсаулық сақтау саласында Бақылау кеңесін енгізудің артықшылықтары», Journal of Health Development, 2020; «Пациенттің ақпараттандырылған ерікті келісімі», Journal of Health Development, 2021 және т.б.

Тіл меңгерімі:
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Ташенев Бақытбек Хакімұлы

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы

ДК сайланған күні: 23.08.2022 ж. (Бірыңғай акционердің 23.08.2022 жылғы №743 шешімі)
ДК мүшесі лауазымына өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін
ДК мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі туралы Ережемен және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өзге ішкі құжаттарымен регламенттеледі
 
Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі):
• Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы, инженер-экономист
• Қазақ гуманитарлық заң университі, заңгер

Еңбек өтілі:  
• Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші маманы лауазымынан бастаған
• Мемлекеттік қарыз алуды жоспарлау және кредит беру департаментінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы (2002–2004 жж.)
• Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары (2004–2006 жж.)
• Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары (2006–2008 жж.)
• Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірқатар департаменттерін басқарды (2008–2013 жж.)
• «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы (2013–2018 жж.)
• Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы (2018 жылғы 17 қазаннан бастап).