Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 553

Жалғыз акционер

Қор акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Жалғыз акционердің құқығы бар:

1) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен және (немесе) Қор Жарғысымен қарастырылған тәртіпте Қорды басқаруға қатысуға;

2) Қордың жұмысы туралы ақпаратты алуға, соның ішінде Жалғыз акционермен анықталған тәртіпте Қордың қаржылық есептілігімен танысуға;

3) Қор тіркеушісінен немесе атаулы ұстаушыдан, құнды қағаздарға оның меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелерді алуға;

4) Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 63 және 74 баптарымен қарастырылған жағдайларда, Қордың лауазымдық тұлғаларымен Қорға келтірілген шығындарды өтеу және Қордың лауазымдық тұлғаларымен, оларды жасасуға қатысты ерекше жағдайлар орнатылған мәмілелерді жасасу (жасасуға ұсыным жасау) туралы шешімдерді қабылдау нәтижесінде алынған пайданы (табысты) Қорға қайтару туралы талаппен, өз атынан сот органдарына жүгінуге;

5) Қор органдарымен қабылданған шешімдермен сот тәртібінде келіспеуге;

6) Қорға оның жұмысы туралы жазбаша сұраулармен жүгінуге және дәлелді жауаптарды, сұрауда айқындалған мерзімдерде, бірақ сұраудың Қорға келіп түсу күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей алуға;

7) Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыруды талап етуге;

8) аудиторлық ұйыммен Қор аудитін өз есебінен өткізуді талап етуге;

9) Қорды тарату кезінде мүлікке;

10) Қордың Директорлар кеңесіне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қордың Жалғыз акционерінің қарастыруына енгізілетін, сұрақтар тізіміне қосымша сұрақтарды енгізуді ұсынуға;

11) Қордың өзге органдарының, Қордың ішкі жұмысына қатысты сұрақтар бойынша, кез-келген шешімін болдырмауға;

12) Егер көрсетілген шешіммен Қордың және (немесе) Жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған болса, Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қор Жарғысының талаптарын бұзумен Қордың Директорлар кеңесінің қабылданған шешімімен сотта келіспеуге.

Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқа құқықтарды пайдалана алады.