Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 500 327
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
29 008

Жаңалықтар

Ақпанда МӘМС бойынша жарналарды кімдер көп төледі?

2020 жылдың ақпанында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 44,7 млрд теңге жарналар мен аударымдар төленді (қаңтарда - 34,2 млрд теңге).

Қаңтар айындағыдай ақпанда жарналардың көп бөлігі мемлекет тарапынан төленді – 24,5 млрд теңге (қаңтарда - 24 млрд теңгеден астам). Еске салайық, МӘМС аясында мемлекет әлеуметтік осал 15 санаттарындағы халыққа жататын азаматтарға жарналар төлейді.

Жұмыс берушілердің аударымдарының үлесі 13,5 млрд-қа жуық теңгені (қаңтарда - 9,4 млрд теңге), қалған азаматтардың жарналары 6,7 млрд теңге құрады (қаңтарда - 770 млн теңгеден асты).

Өңірлер арасында, қаңтар айындағыдай, ең көп сомалар Алматыдан (3,8 млрд теңге), Нұр-Сұлтаннан (2,2 млрд теңге) және Қарағанды облысынан (1,6 млрд теңге) түсті. Ең аз түсімдер Шымкентте (648,5 млн теңге), Қызылорда (540 млн теңге) және Солтүстік Қазақстан (500 млн теңгеге жуық) облыстарында тіркелген.