Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары

ЕГЕР СІЗ АЗАМАТТАРДЫҢ-ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛГЕН САНАТЫНА ЖАТАТЫН БОЛСАҢЫЗ, сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді.

 

МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН САҚТАНДЫРЫЛАТЫН ЖЕҢІЛДІГІ БАР САНАТТАР:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;

5) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;

6) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;

7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;

9) тергеу изоляторларында отырғандар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

14) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;

15) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар.

ҚАНША?

 2020 жылы - 1,4%, 2021 жылы - 1,6%, 2022 жылы -  1,7%

 

НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1) e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өз мәртебеңізді тексеріңіз;

2) Егер өзіңізді жеңілдігі бар азаматтар тізімінен таппасаңыз, онда растайтын құжаттардың қажетті тізбесін Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет;

3) Әрі қарай бұл мәліметтер Сіздің жеңілдігі бар азаматтар тізіміне енгізілгеніңізді растау үшін мемлекеттік органдарға жөнелтіледі. Егер бәрі дұрыс болса Сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді.

 

НЕНІ БІЛУІМ КЕРЕК?

1) Егер Сіз жеңілдігі бар азаматтар тізімінде болсаңыз МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана аласыз;

2) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз еркіңізбен таңдай аласыз. Емхананы қалай таңдайды? (Нұсқаулықты қараңыз)

 

МӘМС ПАКЕТІНЕ КІРЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

 

НЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан – шұғыл көрсетілімдер бойынша;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)

Салықтық режим

Тіркелу

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)

Қанша төлеу керек?

1 АЕК немесе 2525 теңге - республикалық маңызы бар қалалар үшін, 0,5 АЕК немесе 1263 теңге ауылдық жерлер үшін                   

А) ЖТС: 252/126 теңге                        

Б) МЗЖ: 758/379теңге                                        

В) Әлеуметтік төлем: 505/253 теңге                                                        

Г) МӘМС: 1010/505 (1/ 0,5 АЕК-тің 40%)

есеп беру

есеп берілмейді

БЖТ алынатын жылдық жиынтық табыс мөлшері

жылына 1 175 АЕК - 2 966 875 теңге

Талаптар

- жеке тұлғалар;
- жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтындар;
- қызмет көрсету, жеке меншік қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген өнімдерді сату.

Нормативтік-құқықтық актілер

1. ҚР Салық кодексiнің 774-бап. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер

2. МӘМС туралы заң, 14-бап

Мысал: көлік (біреудің көлігін айдайтын азамат), бір реттік жалдамалы жұмыс істейтіндер (тұрмыстық техника жөндеу, сантехника т.б.), жекелеген қызмет түрлерін көрсететіндер (репетиторлар, бала бағушылар, күтушілер, тапсырыспен киім тоқитындар), әртістер (асабалар, музыканттар т.б.), бағдарламашылар (операциялық жүйелерді, анти-вирустық бағдарламаларды т.б. орнатушылар), омарташылар және бал сататындар, сүт-айран сататындар, жеке шаруашылығында өсірген картопты сатушылар, т.б. жеке тұлғалар.

Ескерту: Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, коммериялық объектілердің жергілікті жердегі нүктелері (сауда нысандары, базарлар т.б.) арқылы қызмет көрсететіндер, мүлкін жалға берушілер (тұрғын үйді қоспағанда) БЖТ төлеушілер қатарына жатпайды.