Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ (бұдан әрі - Қор) «Стратегия және корпоративті басқару департаментінің аға менеджері» (қызмет саласы - корпоративтік басқару) бос лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан, Достық көшесі, 13/3 (15-қабат),

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды қабылдау (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 12-18 мамыр аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары заңгерлік / экономикалық.

Шетелдік университеттің дипломы қабылданады.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: корпоративтік басқару / стратегиялық менеджмент, заңгерлік кеңес беру, тәуекелдерді басқару, сәйкестік саласында кемінде 3 жыл. Корпоративті басқару рейтингін тағайындау және қолдау бойынша теориялық және практикалық тәжірибе құпталады.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім, білік және шеберліктер:

  • корпоративтік басқару, стратегиялық менеджмент теориясы мен тәжірибесін білу;
  • ұйымдастырылған нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуде тәжірибесі;
  • комплайенс-офистің қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу тәжірибесі;
  • шетел консультанттарымен және серіктестерімен жұмыс жасау кезінде нақты әдебиеттерді және іс қағаздарын түсіну үшін ағылшын тілін білу;
  • командалық жұмыс шеберліктері;
  • қойылған міндеттерді уақытында тиімді шешуге қол жеткізу;
  • әдістемелік және аналитикалық материалдарды, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
  • жоба нәтижелеріне қол жеткізу үшін жауапкершілікті өз мойнына алу;
  • Іскерлік, қызметтік хат алмасу, келіссөздер жүргізу шеберліктері;
  • ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • корпоративтік басқару жүйесін және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ұйымдағы корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру үшін негізгі мүдделі тараптармен жұмыс жасау;
  •  Қор қызметінің бағыттары бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  •  корпоративтік басқарудағы халықаралық тәжірибені зерттеу;
  •  аналитикалық материалдарды дайындау (аналитикалық жазбалар, презентациялар, сөйлеулер);

 медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу.

 

 

 

 

Нақтырақ