Шетелде қалай емделуге болады

Пациенттерді шетелде емделуге жіберу Қазақстанда жеткілікті дамымаған немесе мүлдем жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Бағдарлама 2012 жылдан бастап жұмыс істейді.

Шетел клиникаларында емдеу іс-шаралары бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №544 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

ТМККК шеңберінде шетелде емделетін аурулардың тізіміне мыналар кіреді:

  • бас миының хирургиялық қолжетімсіз функциялық маңызды аймақтарында орналасқан радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-нож) талап ететін артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер;
  • эндоваскулярлық емдеуге арналған ми діңі, жұлын тамырларының артериовеноздық мальформациялары және артериялық аневризмдер;
  • трансоральды алып тастау үшін бас сүйек негізінің ісіктері;
  • кардиохирургиялық емдеудің қажет ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-нож, радиоактивті аппликаторлар);
  • кератопротездеу (кератопротезді имплантациялауға негізделген бельмді емдеудің хирургиялық әдісі);
  • ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және гемопоэтиялық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, бұл әдістеме Қазақстан Республикасында орындалмайтын нозологиялардан басқа;
  • көмей стенозы;
  • трахея стенозы.

Мемлекет есебінен шетелге емделуге жіберуден мынадай жағдайларда рұқсат берілмеуі мүмкін:

  • егер қажетті процедура/манипуляция арқылы Қазақстанда емделуге болатын болса;
  • егер пациент ауыр жағдайда болса және медициналық араласу оң нәтиже бермесе;
  • егер пациент тасымалдауға жарамаса;
  • егер пациенттің ауруына қатысты тиімді емдеу әдістері болмаған жағдайда;

Квота алу үшін пациент республикалық денсаулық сақтау ұйымына жүгіну қажет, ол өз қорытындысын, сондай-ақ құжаттар топтамасын – жеке куәлік көшірмесін, пациенттің ауру тарихының көшірмесін, ӘМСҚ базасында жұмыс істейтін шетелді емдеуді ұйымдастыратыру жөніндегі комиссияның Жұмыс органының қарауына ұсынады.

Медициналық көмек сапасының мониторингі департаменті шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органының байланыс ақпараты

  • Бейсен Майра Боранбайқызы, Жұмыс органының басшысы, 8 (7172) 64 41 19, email: m.beissen@fms.kz
  • Шайкина Эльмира Мырзатовна, 8 (7172) 67 41 02, email: e.shaykina@fms.kz
  • Абенова Назым Есмуханбетовна, 8 (7172) 67 41 04, email: n.abenova@fms.kz

Пациенттің құжаттарының толық пакетін алғаннан кейін Жұмыс органы емдеу бағдарламасын және шығыстарды калькуляциялау үшін бейінді шетелдік клиникаларға сұрау жібереді. Жиналған ұсыныстарды жұмыс органы 14 жұмыс күні ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясының ұарауына жібереді, ол қандай да бір клиниканы таңдау туралы шешім қабылдайды.

Квота барлық қажетті қызметтерді, сондай-ақ пациенттің және оны алып жүрушілерінің көлік шығындарын жабады. Бюджет қаражаты есебінен ақы төленбейді:

  • клиникадан тыс жерде тұру;
  • сәйкес келетін донорлық органның күту кезеңі;
  • емдеу бағдарламасына жатпайтын қосымша медициналық қызметтер және т.б.

елден тыс жерлерге өз еркімен кеткен азаматтарға, емделуге, жолға кеткен шығындары өтелмейтінін айта кетуіміз керек.

Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу процесін ұйымдастыруды жақсарту үшін шетелдік клиникаларда ем алған пациенттер үшін әзірленген сауалнамаға белсенді қатысуды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі. Сізге алдын ала алғыс айтамыз және зор денсаулық тілейміз.

file icon
ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесі
Жүктеу
file icon
ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесі
Жүктеу
file icon
2020 жылдың қорытындысы бойынша есеп
Жүктеу