Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге қаржы бөлді

06 маусым 2018

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. 

«6 маусымдағы мәліметтерге сүйенсек, Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 325,2 млрд теңге берілген. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 47 пайызына тең», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін медициналық көмек көрсету бойынша емдеу ұйымдарымен бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 698,9 млрд теңге болатын. Қор ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде халыққа арнап медициналық қызметтерді сатып алатын бірыңғай қаржылық оператор болып табылады.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын мониторингтеудің жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Ботагөз Жақселекова.

Бүгінгі таңда Қор 1359 медицина ұйымымен қызмет көрсету туралы келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. 2017 жылмен салыстырғанда жеткізуші компаниялар саны 138-ге артып отыр. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 93  млрд теңгені құрады.