Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ

ВАКАНСИЯ ЖАБЫҚ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) Қордың Ақмола және Маңғыстау облыстық филиалдарына Медициналық көмекті жоспарлау бөлімінің сарапшысы (1 орын) қызметіне конкурстық іріктеу жариялайды.
Заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 14/3 (11 қабат)
Байланыс телефоны: 8 7172 647 031
Қабылдау мерзімі: 2018 жылы 27 жетоқсан мен 2019 жылы 2 қараша аралығы.
Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары заңгерлік, медициналық немесе қаржылық-экономикалық
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: кем дегенде 1 (бір) жыл
Жетекші лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді
Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:
 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реттейтін заңдарын, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңдарын, Қордың медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алуға қатысты ішкі құжаттарын білу;
 Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу

Міндеттерін орындауға қажетті дағдылар:
 Денсаулық сақтау, қаржы салаларында сапалы талдама жазу дағдылары;
 Қаржылық және бастапқы құжаттармен жұмыс тәжірибесі;
 MS Excel, статистикалық бағдарламаларын жетік білу
Лауазым бойынша атқаратын функционалдық міндеттері:
 медициналық көмекті және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жоспарлауға қатысты нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру;
 медициналық көмекті жоспарлаудың әдістемелік негіздерін әзірлеу және жетілдіру;
 эпидемиологиялық талдау жүргізу;
 медициналық көмекке деген қажеттілікті бағалау;
 статистикалық есептерді жүргізу;
 аймақтық бөлімшеде медициналық көмекті жоспарлау шараларының іске асырылу барысын қадағалау

Нақтырақ