Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты

02 November 2017

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын қосымшаны 6 қарашадан бастап жүктеп алуға болады.

Азаматтар осы қосымшаның көмегімен 2017 жылы Кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсететін клиникалар мен емханалардың жұмысын бағалай алады. Алдағы уақытта бұл тізімге медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын денсаулық сақтау субъектілері де енгізілмек. Кейін осы тілек-шағымдар негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Бұл азаматтардың ең үздік клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік бермек.  

«Қосымша бірден бірнеше мәселені шешіп береді. Біріншіден, азаматтармен жедел түрде кері байланыс орнатудың тағы бір каналы ашылады. Бұл емделушілер үшін клиника таңдау мәселесін едәуір жеңілдетері сөзсіз. Екіншіден, Қор серіктес-ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жайлы қосымша мәлімет алып отырады», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры  Забира Оразалиева.

Денсаулық сақтау нысандарының рейтингі пайдаланушылар қойған баға негізінде, автоматты түрде жасалады. Содан соң МСҚ-ның fms.kz сайтында жарияланып отырады. «Мобильді қосымшаны телефонына орнатып алған азаматтар бұл рейтингті емханаға тіркелгенде немесе сала мамандарын таңдаған кезде пайдалана алады. Түптеп келгенде, мұның бәрі медицина ұйымдарын қызмет сапасын көтеруге ынталандырады деген үмітіміз бар», - дейді З.Оразалиева.

Қор өкілдерінің айтуынша, пациенттер осы қосымша арқылы емханалар мен стационарлар қызметін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға мүмкіндік алады. Олардың қатарында қабылдауға кеткен уақыт, сервис деңгейі, дәрігер берген ем-домның дұрыстығы, түсініктілігі, қызмет көрсетуге жасалған жағдайлар сынды өлшемдер бар. Оған қоса, емделушілер өз пікірін еркін түрде жазып қалдырса болады. Қор алдағы уақытта бұл пікірлерді міндетті трде ескеріп отырмақ.

«Қосымшаны пайдалану үшін алдымен ЖСН енгізіп, авторизация жасау қажет. Болашақта біз оны жаңа функциялармен және сервис түрлерімен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Қосымшаны сынақтан өткізіп, ұсыныстар мен тілектеріңізді жолдаңыздар. Біз азаматтардың пікірлерін ескеруге дайынбыз», - дейді Қордың IT стратегия және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Абай Дүйсенев.

«Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады.

Қосымша туралы пікір білдіру үшін: https://fms.kz/ru/suggestion