Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

ХАТШЫ (ҚОРДЫҢ ақтөбе облысы БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор)  Ақтөбе облысы бойынша филиалына «Хатшы» лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 10-16 маусымы аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары білім/ аяқталмаған жоғары білім

Мамандық бойынша еңбек өтілі: талап етілмейді

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

ішкі корпоративтік құжаттарды ресімдеу ерекшеліктерін білу (менеджмент);

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қордың ішкі актілерін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы;    

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамаларын білу;

Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі құжаттарын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар:

әкімшілік-шаруашылық қызмет процестерін басқару дағдылары;

іс-шараларды ұйымдастыру, жиналыстардың өткізілуін бақылау, кесте жасау, жоспарлау дағдылары;

ақпарат іздеу, талдау қабілеті, есеп беру және рецензиялау дағдылары;

Іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу дағдылары;

Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін менгеруі.

Осы лауазым бойынша атқаратын фунуционалдық міндеттері:

Филиал директорының нұсқауларын орындау.

Қордың коммуникация және персоналды дамыту департаментімен өзара іс-қимыл орнату (қызметкерлерді тіркеу жұмыстарын жүргізу, жұмыс уақытын есепке алу, жаңадан келген қызметкерлердің құжаттарын қабылдау және т.б.);

филиал директорының қол қоюына берілетін іс-қағаздарды жүргізеді, хат алмасады, құжаттарды тапсырады. Филиал директорының қарауына берілетін құжаттарды тексереді және дайындайды;

сыртқы және ішкі телефон қоңырауларына жауап беру, Қызмет туралы ақпаратты Филиал директорына жеткізу, Филиал директорының телефонмен сөйлесулерін ұйымдастыру;

филиал директорының тапсырмасымен жиындарға және жиналысқа қажетті материалдарды дайындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушылардың уақыт пен орын туралы хабардар ету, күнтәртібі);

директордың қол қоюына берілген құжаттарды тексеру, нұсқаулардың белгіленген мерзімде орындалуын қадағалау;

филиал директорының тапсырмасы бойынша хаттар, өтініштер, басқа да құжаттарды дайындау;

құжаттарды оры стілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару;

Қор басшылығының, филиал директорының берген тапсырмалары мен міндеттерін, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қордың ішкі актілеріне сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

 

 

Нақтырақ