Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 497 453
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
28 998

Жаңалықтар

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34 млрд-қа артты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сіздер үшін ең өзекті сұрақтарды жинақтап, оларға жауап бермекші.

  • МӘМС қаражаттары есебінен кім көмек ала алады?

Стоматологиялық көмек жоспарлы және шұғыл тәртіпте 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.

Шұғыл тәртіпте азаматтардың жекелеген санаттарына: ҰОС ардагерлеріне; 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар; атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасаушы жұмыс істемейтін адамдар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

  • Жоспарлы стоматологиялық көмекке не кіреді?

Жоспарлы стоматологиялық көмек – бұл ауыз қуысының, тіс пен қызыл иектің саулығын сақтау үшін операциялық емдеу болып табылады. Атап айтқанда, тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.

  • Шұғыл стоматологиялық көмекке не кіреді?

Шұғыл стоматологиялық көмек амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек түрінде де, стационарлық жағдайда да көрсетілуі мүмкін. Бұған күрделі тісжегіні, пульпитті, периодонтитті, альвеолитті, невралгияны, невритті, стоматиттің өткір түрлерін емдеу, күрделі тісті жұлу, абсцессті ашу, одонтогендік жылауықты алып тастау, жоғарғы-төменгі жақ буынының қисаюын түзету, тістердің бөлінуін уақытша бекіту, қатерсіз өсінділер мен эпулисті алып тастау (жергілікті тітіркендіргіш факторлардың әсерінен пайда болатын ісік тәрізді өсінді). Еріннің, тілдің жүгеншігі пластикасының операциясы да МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер тексеру нәтижелері бойынша тіс дәрігері амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деген объективті шешім қабылдаса, ол науқастан бас тартуға және оны жедел жәрдем арқылы ауруханаға жіберуге құқылы. Жедел госпитализацияның көрсеткіштері созылмалы одонтогенді және неодонтогенді қабыну ауруларының жедел немесе өршуі немесе жақ-бет аймағының жарақаты, қан кету және шұғыл емдеуді қажет ететін шұғыл жағдайлар болып табылады.

  • Ортодонтиялық көмекті МӘМС жаба ала ма?

Иә. ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, ортодонтиялық көмек жақ-бет аумағының туа біткен патологиясы бар балаларға, тіс-жақ аномалияларының әртүрлі түрлері бар аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Атап айтқанда, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға, сондай-ақ ортодонтиялық алмалы-салмалы аппаратты (ортодонтиялық пластина) пайдалана отырып, тіс-жақ ауытқуларын жою үшін аппаратты пайдалана отырып, сондай-ақ тіс-жақ ауытқуларының әртүрлі түрлері бар балаларға көрсетіледі.

  • Қандай стоматологиялық клиникаларда МӘМС әрекет етеді және емхананың учаскелік дәрігерінен жолдама қажет пе?

Жоқ, емханадан жолдама талап етілмейді. Стоматологиялық көмекті емханалар жанындағы стоматологиялық кабинеттен де, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жеке стоматологиялық клиникалардан да алуға болады. Өзекті тізбені Қордың fms.kz ресми сайтындағы «Медициналық қызметтерді сатып алу – КДҚ жеткізушілер» бөлімінен таба аласыздар https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/. Сонымен қатар 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.

Айта кетейік, 1 ақпандағы жағдай бойынша МӘМС шеңберінде стоматологиялық көмек көрсететін 838 медициналық ұйыммен шарттар жасалды. Оның ішінде 519-ы – жекеменшік, 319-ы – мемлекеттік меншік нысаны, яғни емханалар мен ауруханалар.

  • Егер рентгенография өту қажет болса, тістерді емдеуден бұрын дәрілік аллергияны немесе анестезияны болдырмау үшін аллергиялық сынама жасау керек болса, ол үшін МӘМС-тен төленеді ме?

Иә, егер бұл үшін медициналық көрсеткіш болса төленеді. Тіс дәрігерінен консультативтік парақ болған жағдайда тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігер қосымша тексерулерге жолдама бере алады. МӘМС шеңберінде аппликациялық, өткізгіштік, инфильтрациялық анестезия төленеді.

Тісжегінің көптеген асқынулары бар 4 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің функционалды және органикалық зақымданулары, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (белгіленген мүгедектік) және басқа органдар мен жүйелердің зақымдануы, асқынулар мен ауырсыну қаупі бар медициналық көрсеткіштер бойынша санация «анестезиология және реаниматология» кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымшасы және реанимациялық іс-шараларға арналған жағдайлар қарастырылған стоматологиялық ұйымдарда жасалатынын білу маңызды.


Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

• fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.