Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 500 327
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
29 008

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС мәселелерін талқылауға арналған сарапшылық алаңын құрды

Кеше, 8 ақпан күні, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамасы бойынша медицина қауымдастықтарының өкілдерімен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандарымен алғашқы кездесу өтті. Кездесуде саланың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сарапшылық алаңы 2024 жылдың 24 қаңтарында Қордың Басқарма Төрағасы Әбілқайыр Сқақов бекіткен медицина саласының қауымдастықтарымен жұмыс жоспары шеңберінде іске қосылды. Аталған жоспар аясында медицина қоғамдастығымен ұсыныстарды тұрақты түрде талқылау, оларды жинақтау және әрі қарай шешімдер қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жолдау көзделген. 

Атап айтқанда, тәжірибелік дәрігерлермен бірлесіп медициналық қызметтер пакетін бірыңғай пакетке біріктіру мәселесін пысықтау, стандартталған көрсеткіштерді енгізе отырып медициналық көмектің барлық деңгейлерінде қызметтерге ақы төлеудің айқын әдіснамасын әзірлеу, артық кепілдіктерді алып тастау мәселесін қарастыра отырып медициналық қызметті тұтынудың ғылыми негізделген ең төменгі нормаларын әзірлеу, тарифтерді қайта қарау үшін сақтандыру тәуекелінің дәрежесін ескеріп «басымдыққа ие» ауруларды айқындау көзделуде. 

«Қор медицина қауымдастықтарының, және жалпы медицина қоғамдастығының маңыздылығы мен рөлін жақсы түсінеді. Сондықтан бізге сіздермен ағымдағы мәселелер мен жоспарларды талқылау маңызды. Біз бірлесіп тиімді шешімдер әзірлеу үшін және проблемалық мәселелер бойынша шараларды іске асыру барысында, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыру және қаржыландыруда сіздердің пікірлеріңізді ескеру үшін осы алаңды құрып отырмыз», – деп атап өтті ӘМСҚ стратегия департаментінің директоры Дамир Көпжасаров.

Сонымен қатар, кездесу шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының барлық процестеріне сараптаманы күшейту, медициналық ұйымдар арасында қаражатты бөлудің ашықтығы, клиникалық хаттамаларды қайта қарау қажеттілігі, медициналық көмек көрсету стандарттарын жетілдіру, қосып жазумен күрес және медицина қызметкерлерін байқаусыз қосып жазуға жол беруден қорғау және басқа да мәселелер қозғалды. 

Сарапшылармен фокус-топтары денсаулық сақтау жүйесінің әрбір бейіні бойынша ұсынысты талқылау мен шоғырландыру үшін қажет болған жағдайда ай сайын жүйелі түрде өткізілетін болады.

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

• fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.