Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 672

Жаңалықтар

ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды

МӘМС-ды енгізгеннен кейін ЖТМҚ көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді

2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% -ға көп. Сонымен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын аталған саннан көбірек пациенттерді емдеу жоспарланғанын айтады. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтандв енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтары жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті.

«Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп Қорда түсіндірді.

Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыландыру көлемі 2020 жылдың 1-тоқсанында 36%-ға артып, шамамен 7 млрд теңгені құрады.

Жоғары технологиялық қызметтерді қолдана отырып, қан айналымы жүйесі аурулары бар науқастар көп емделді (57%). Тағы 8% –  туа біткен ауытқулары бар, 6% – дан-несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары, жарақаттар мен уланулар.

«ЖТМҚ қаржыландыру көлемін ұлғайту оларды алу үшін күту мерзімін азайтуға және жаңа қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік береді. Жиынтығында бұл шаралар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс», – деп атап өтті ӘМСҚ баспасөз қызметі.  

Қызметтер тізіміне заманауи алдыңғы қатарлы әдістерді қолданумен жүзеге асырылатын 80-ге жуық бірегей технологиялар енетіндігін атап өткен жөн. ЖТМҚ қамтамасыз ету үшін өте жоғары деңгейлі мамандар қажет.