Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 500 327
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
29 009

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ұзақ демалыс кезінде қызметкерлердің сақтандырылған мәртебесін сақтауға кепілдік беру үшін өзгерістер енгізілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бейіндік нормативтік құқықтық актіге толықтыру енгізуді ұсынды. Ол қызметкердің ұзақ демалысы кезінде МӘМС-тегі сақтандырылған мәртебесін жоғалтатын жүйелі мәселені шешер еді.

 

«МӘМС туралы» Заңға сай жұмыс беруші ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыруға қызметкері үшін аударымдар мен жарна төлеуі тиіс. Бір айда аударым болмаған жағдайда қызметкер МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесінен айрылады.

Осыған қарамастан, ҚР-ның кейбір өңірлері мен жекелеген салаларында бұл төлемді айларға бөлмейді және қызметкер медициналық қызмет алуға жүгінген кезде сақтандырылған мәртебесінің жоғалғанын анықтайды. Атап айтқанда, кейбір мұғалімдер, тау-кен кәсіпорындарының қызметкерлері және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер осындай жағдайға тап болады.  

Осы мәселені шешу үшін 2023 жылдың желтоқсанында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрінің МӘМС-ке аударымдарды және/немесе жарналарды аудару ережелері мен мерзімдері туралы 30.06.2017 жылғы бұйрығына толықтыру енгізуге бастамашылық жасады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құжаттың мәтінінде «ақылы еңбек демалысы кезеңіндегі табысты есептеу кезінде аударымдар мен жарналар демалыс күндерінің санына барабар есептелген кезеңдер бойынша бөлек аударылатынын» нақтылауды ұсынды. Қазір Қордың ұсынысы уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың қарауында. Толықтыруды қабылдау туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ұзақ мерзімді ақылы еңбек демалысы кезінде қызметкерлердің сақтандырылған мәртебесін жоғалту мәселесі шешілуі керек.