Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 629

Жаңалықтар

ӘМСҚ, ҚР ДСМ және «Атамекен» ҰКП электрондық денсаулық сақтаудың жол картасына қол қойды

Жол картасы денсаулық сақтауды цифрландыруды, дәрігерлер мен пациенттердің қолайлылығын қамтамасыз ету үшін тиімді жағдай жасауға бағытталған. Жол картасына қол қою COVID-19 вирусының пандемиясы туындаған ағымдағы жағдайға байланысты қашықтағы форматта өтті.

Жол картасы бес бөлімнен тұрады: платформа архитектурасы; дербес деректерді алмасу және қорғау; бизнес-үдерістерді жақсарту және НҚА өзгерістер; әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері; дәріханалық желілермен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласының негізгі ойыншыларының бірі ретінде тікелей денсаулық сақтауды цифрландыру жобаларына қатысады. Мәселен, өткен жылдан бастап ӘМСҚ медициналық қызметтерді сатып алуды электрондық форматқа көшірді, сондай-ақ медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл процесін электрондық форматқа аударды.

Осы жылдан бастап қызметті цифрландырудың келесі кезеңі басталды. Ағымдағы жылы медициналық қызметке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін әзірлеу және енгізу жоспарлануда. Жоба медициналық көмектің сапасы мен көлемін автоматтандырылған түрдегі бақылаудың жаңа әдістерін енгізуге, төлем тетіктерін жетілдіруге (төлем мерзімдерін қысқартуға, процестер мен қажетті құжаттарды жеңілдетуге) және тарифтерді белгілеу үшін деректерді жинауға (медициналық ұйымдардан деректерді жинауды автоматтандыруға, тарифтерді белгілеу процестерін жеңілдетуге) бағытталған.

Бұдан басқа, Қор пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша функцияларды күшейту жұмыстарын жүргізуде. Осы жоба шеңберінде ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді алу кезінде пациенттердің шағымдарын/өтініштерін тіркеу, есепке алу және орындауға арналған Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1406 тәулік бойы байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы сияқты сандық құралдар енгізілді. Тиісінше, Жол картасы шеңберінде көрсетілген өтініштерді бірлесіп талдау және мүдделі тараптармен бірлесіп нақты, жүйелі шаралар әзірлеу болжанады.