Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 609

Жаңалықтар

ӘМСҚ-ның 2023 жылғы 9 айдағы ашық есебі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық қызметінің ашықтығы тұрақты сынға түсетіні белгілі. МӘМС-ке жіберілетін аударымдар мен жарналардың қалай және қайда жұмсалатыны туралы қазақстандықтар БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде әрдайым сұрап келеді. Өз кезегінде, қаржылық есептер мен тұрақты өткізілетін аудиттердің міндетті түрде жарияланып тұратынына қарамастан, ӘМСҚ қысқа және түсінікті сандар негізінде Қорға түсетін және сол жұмсалатын қаражат туралы жария есепті енгізуді жөн көрді.

 

Ең алдымен Қордың медициналық қызметтерді қаржыландырудағы рөлі туралы. ӘМСҚ қаражатты екі көзден – ТМККК (мемлекетпен өтеледі) және МӘМС-тен алады (ол арқылы пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтер төленеді). Орындаушылар – медициналық ұйымдар. Бүгінге бұл – 1970 жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдар, тиісінше 63% және 37%.


2023 жылдың 9 айында Қордың Ұлттық Банктегі шоттарына МӘМС-ке арналған жарналар мен аударымдар түрінде 884,8 млрд теңге түсті. Оның 37,5%-ын жұмыс берушілер төлесе, 33,3%-ын 15 санаттағы азаматтардың сақтандыруын қамтамасыз ететін мемлекет төледі, ал 29,1%-ы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі төлеушілерге тиесілі.

ӘМСҚ-ға қатысты жиі айтылатын сынның бірі – Қор өзінің қызметін қамтамасыз етуге көп қаражат жұмсайды деген көзқарас (шығындар ішіне – жалақы, қызметтік орындарды жалға алу, техникалық қолдау және т.б. арналған ағымдағы шығындар кіреді). Аталған шығындардың максималды мөлшері Үкіметтің қаулысымен шектелген. Осылайша, рұқсат етілген ең жоғары деңгей – Қорға түсетін түсімдердің 1,33%-дан артық болмауы тиіс. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ӘМСҚ және оның 20 филиалдарының жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалған қаражат мөлшері 8,5 млрд теңгені немесе 0,96%-ды құрады.    


Осы жылдың 9 айында медициналық ұйымдар көрсеткен қызметтер үшін Қор МӘМС бойынша түскен 884,8 млрд теңгенің 686 млрд теңгесін төледі (бұл тамыз айының соңындағы жағдай бойынша көрсетілген қызметтер). ТМККК бойынша – 1,067 трлн теңге.

Осылайша, 9 ай ішінде пациенттерге көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдар Қор арқылы 1,75 трлн теңге қаражат алды. Оның басым бөлігі – стационарлық, емханалық және әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша қызметтер.


Осы слайдтан пациенттер санын, оларға көрсетілген қызметтердің көлемін және Қормен төленген сома мөлшерін көруге болады. 12,5 млн адамға 1,75 трлн теңгеге 200,6 млн медициналық қызмет көрсетілді.



Осылайша, ӘМСҚ өзінің алғашқы жария есебінде қысқа және түсінікті сандар арқылы келесі ақпаратты көрсетті (2023 жылдың 9 айында):

·  МӘМС-ке түскен жарналар мен аударымдар мөлшері, оның ішінде төлеушілердің құрамы;

·  Қор қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстардың мөлшері мен үлесі;

·  медициналық көмекке бағытталған қаражат;

·  төленген медициналық көмектердің түрлері;

·  қызмет көрсетілген пациенттердің саны, қызметтердің құны. 


Қордың толық қаржылық есептілігі бойынша ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.

МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық көмектің қолжетімділігі қалай артқаны туралы қысқаша және түсінікті инфографиканы осы жерден көре аласыз.