Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 160

Жаңалықтар

Қатерлі ісіктен қалай сақтанамыз?

Қатерлі ісік дертін ерте анықтау – тиімді емдеуге, жақсы нәтижеге жетуге әрі толық емделуге мүмкіндік береді.  Ағзадағы өзгерістерді анықтауға көмектесетін тиімділігі дәлелденген скринингтік тексерудің бірнеше түрі бар. Азаматтар оларды белгілі бір жаста өтеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кімдер және қашан онкологиялық скринингтен өту керектігін айтты.

Сүт безінің обырын ерте анықтайтын скрининг

Мәртебесі сақтандырылған 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер                 2 жылда 1 рет сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтайтын  скринингтен өтеді.

 Оған:

- сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі,

-  мақсатты маммография,

-  маммография кіреді.

Сондай-ақ стереотактикалық бақылаудағы пункциялық/аспирациялық биопсия, трепанобиопсия, күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу сияқты қосымша тексерулер қарастырылған.

Скрининг нәтижесі бойынша акушер-гинеколог, рентгенолог, онколог, онколог-хирург, маммолог дәрігерлерінің қабылдауына жіберіледі.

Жатыр мойны обырын ерте анықтайтын скрининг

Мәртебесі сақтандырылған 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер                 4 жылда 1 рет жатыр мойыны қатерлі ісігін ерте анықтайтын  скринингтен өтеді.

Оған:

-  бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия,

-  жатыр мойнының биопсиясы,

- күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу 

- жатыр мойнының жағындысын цитологиялық зерттеу ПАП-тест, оның ішінде сұйық цитология аппаратымен тексеру кіреді.

Зерттеу нәтижесі бойынша пациенттерді акушер-гинеколог, онколог/онколог-хирург/онколог-гинекологтың қабылдауына жібереді.

Колоректальды обырды ерте анықтайтын скрининг

Мәртебесі сақтандырылған 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтайтын  скринингтен өтеді.

Оған:

- жедел әдіспен нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)

- скринингтік жаппай бейне колоноскопия

 эндоскопиялық шымшу биопсиясы

- күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

Скрининг нәтижелері бойынша онколог, хирург, гастроэнтеролог, проктологтың кеңестері қарастырылған.

Бейінді мамандардың қабылдауы және барлық тексерулері МӘМС есебінен жүргізіледі. Дәрігердің айтуынша, егер ауру ерте сатысында анықталса, емдеу көлемі азаяды, тиісінше хирургиялық араласу, химиотерапия және т.б. азаяды және емделуші емді жеңілірек қабылдайды, оның үстіне ерте кезеңде ағзаның қалпына келу ресурстары әлдеқайда көп болады. Қатерлі ісік ерте кезеңде еш белгісіз өтеді, сондықтан адам өзін толық сау сезінсе де, белгілі бір жас аралығында скринингтен өтуі қажет.

Егер сіздің қосымша сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:

• Qoldau 24/7   мобильді қосымшасы

• fms.kz  ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot 

• 1414 байланыс орталығы

• Damumed мобильді қосымшасы.

• Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.

Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.