Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 463 375
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
308 528 607 432
Келіп түскен өтініштер
27 256

Жаңалықтар

Сатып алу үдерістерін цифрландыру бойынша жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын Қор басшысының орынбасары айтып берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыашықтығын қамтамасыз ету үшін процестерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның ішінде шарттар жасасу және жүргізу процестерін цифрландыру, көрсетілген медициналық көмек көлемі үшін ақы төлеу жобасы бойынша жұмыс басталды. Бірінші кезең 2024 жылы аяқталады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметінде барлық негізгі процестерді цифрландыру бойынша жобаны іске асыру барысы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы аясында, Қорда Денсаулық сақтау министрлігінің шашыраңқы ақпараттық жүйелерінен төлем функционалын ауыстыруды ескере отырып, шарттар жасасу және жүргізу процестерін цифрландыру, мониторинг, медициналық көмекке ақы төлеу жөніндегі «Е-Денсаулық» бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жүйесін дамыту жобасы басталды.

Бұл жобаға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мамандары, Цифрлық даму министрлігі, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының сарапшылары мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының мамандары тартылды.

«Жалпы, жоба өте күрделі, ауқымды, әрі өте қысқа мерзімге белгіленген. Бірінші кезең – пилоттық және тәжірибелік пайдалануға беру мерзімімен төлем блогын әзірлеу – 2024 жыл. Екінші кезең –медициналық көмекті жоспарлау, болжау және тариф белгілеу процестерін цифрландыру 2025 жылға жоспарланған», - деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар сала сарапшыларының қатысуымен өтіп жатқаны тілге тиек етілді. Айта кету керек, Қор басқармасының төрағасы Сәбит Ахметов аймақтарға барып, проблемаларды анықтау және жергілікті жағдайды көру үшін үшін медицина қауымдастығымен кездесуде. Әр жұмыс сапарының қорытындысы бойынша оңтайлы шешу жолдары әзірленіп, ұсыныстар айтылып, уәкілетті органның қарауына жіберіледі.