Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 410 737
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
300 063 545 146
Келіп түскен өтініштер
26 377

Жаңалықтар

Медицина қызметкері күнімен құттықтау

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Бүгін пандемия кезіндегі қиын уақытта адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтайтын сіздердің мамандығыңыздың маңыздылығына бәріміз куәміз.

Дәрігерлер өз денсаулықтарына қауіп төндіргеніне қарамастан, коронавируспен күрестің алдыңғы қатарында. Кейбіреулеріңіз бірнеше айдан бері отбасыларыңыздан алыста жүрсіңдер. Біреулеріңіз тіпті оқшауланған жағдайда да тәжірибе мен біліммен бөлісуді жалғастырып жатырсыз.

Осы қиын кезеңде сізге ең алдымен мықты денсаулық, шыдамдылық және күш-қуат тілейміз. Әр саулығып кеткен пациент – олардың отбастары мен жақындарына мереке мен қуаныш сыйлайтын сіздің жеңісіңіз.

Құрметпен,
Айбатыр Жұмағұлов
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы