Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 463 375
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
308 528 607 432
Келіп түскен өтініштер
27 254

Жаңалықтар

Кредиторлық берешек бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, оның пайда болу себептерін түсіндірді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарды талдай отырып,  жиі қойылатын сұрақтар мен қате түсініктер бойынша түсініктеме берді.    

1) Қор медициналық ұйымдардан кредиторлық берешекті қалай өндіріп алады?/ Медициналық ұйымдар Қордан өз қарызын төлеуді қалай талап етеді?

Кредиторлық берешек – бұл медициналық ұйымдардың (медициналық қызметтер көрсету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған медициналық ұйымдар) Қор алдындағы емес, басқа медициналық ұйымдар алдындағы берешегі (бірлесіп орындаушылар).    

2)  Медициналық ұйымдар пайда болған берешекті қанша уақытта өтеуге міндетті?

Кредиторлық берешек қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді міндеттемелер - бұл мерзімі 12 айдан асатын міндеттемелер. Қысқа мерзімді кредиторлық берешекті (ағымдағы) пайда болған сәттен бастап 12 айдан асырмай өтеу керек.

Сонымен қатар, сатып алу шартын жасасқан медициналық ұйымдар кредиторлық берешектің пайда болуына жол бермеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге міндетті.

3) Кредиторлық берешек ай сайын өсе ме?

Талдау көрсеткендей, қысқа мерзімді кредиторлық берешек көптеген медициналық ұйымдарда кездеседі және олар оны бір жыл ішінде жабады. Медициналық ұйымдардың басшылары қысқа мерзімді кредиторлық берешектің пайда болу себептерін түсіндірді. Бір мысал келтіре кетейік. Аурухана Бірыңғай дистрибьютордан дәрі-дәрмектің жылдық көлемін алды делік. Осы кезде медициналық ұйыммен бір реттік есеп айырысудың барлық сомасы болмайды, яғни ол ішінара төлем жасайды. Нәтижесінде аурухана бұл қысқа мерзімді кредиторлық берешекті бір жыл ішінде толық төлеп шығады.

Ал ұзақ мерзімді кредиторлық берешекке келер болсақ, төмендеу үдерісі байқалады. 2023 жылы ол  22,7 млрд теңге, ал 2023 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша – 15,5 млрд теңгені құрады (32%-ға төмендеді).

4) Кредиторлық берешек неге пайда болады?

Талдау көрсеткендей, медициналық ұйымдарда үшінші тұлғалар алдында кредиторлық берешектің пайда болуына бірнеше себеп бар:

А) Медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру.

Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын артып келеді, оның ішінде: дәрігерлердің – 30%, орта медицина қызметкерлерінің – 20%, өзге медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға көтерілді. 2022 жылы ақ халаттылардың жалақысы 454 мың теңге болса,   2023 жылдың 1 тоқсанында 589,9 мың теңгеге дейін өсті.  Ал орта медициналық персоналдың жалақысы – 236 мың теңгеден 283 мың теңгеге дейін, қалған қызметкерлердің жалақысы - 77 мың теңгеден 111 мың теңгеге дейін артты.

Осылайша, еңбекақы төлеу қорына жұмсалған шығыстардың үлесі табыс сомасының 80% құрады. Яғни, басқа шығындарға тек 20% ғана қалады. Ай сайынғы жалақыны төлеу кезінде басқа шығыстар бойынша кредиторлық берешекті өтемеу тәуекелі жоғары болып қалады.

Басқарма төрағасы медициналық ұйымдарды аралау барысында бұл мәселе тұрақты негізде талқыланады. Медициналық ұйымдардың басшылары қаржы дағдарысының алдын алу үшін құрылымды қайта қарап,  штатты оңтайландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.  Сұранысы аз профильдер бойынша дәрігерлердің қосымша ставкаларын алып тастап, медициналық қызметтердің жекелеген түрлерін бірлесіп орындауға берген. Бұл дәрігердің жеке бірлігін ұстаудан әлдеқайда тиімдірек.  Бос ғимараттар мен бөлмелерді жалға беріп, жинақталып қалған дәрі-дәрмектер қорына ревизия жүргізіліп және дәрі-дәрмектерді сатып алу көлемін қайта қаралған. Шығындарды оңтайландыруға бағытталған басқару шешімдері оң нәтижесін берген.  

Ә) Төмен тарифтер. Инфляция, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тамақ өнімдерінің, көлік қызметтерінің, коммуналдық және өзге де қызметтер мен жұмыстардың бағасы өсуіне байланысты тарифті жыл сайын көтеру ескерілмейді. Осыған байланысты Қор ұсыныстар әзірлеп, оны уәкілетті органға береді.

Б) Медициналық ұйымдардың негізсіз шығындары, соның ішінде бос ғимараттарды қоса алғанда, ғимараттарды күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар. Бұл мәселе менеджмент басқару арқылы медициналық ұйым деңгейінде шешілуі керек.   

В) Қаржыны тиімсіз бөлу. Мысалы, кейбір медициналық ұйымдар сұраныс болмаса да, қымбат жабдықты немесе бір препараттың бірнеше аналогын сатып алады. Сонымен қатар, берешегі бола тұра  ақшалай сыйақылар негізсіз төленеді.

Г) Халық санының аздығы.  Әдетте шағын елді мекендерде орналасқан медициналық ұйымдардың төсек-орын жүктемесі аз болады. 

5) Медициналық ұйымдар қарызды өтеу үшін немесе оны болдырмау үшін қандай шаралар қабылдауы керек?   

 Медициналық ұйымдар үшінші тұлғалар алдындағы (Қорға емес) кредиторлық берешекті өтеу үшін ағымдағы шығыстарды, сондай-ақ қалдықты ескере отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлауды қайта қарап, оңтайландыруы қажет.

 Жергілікті атқарушы органдар жоспарлы шығыстардың негізділігі тұрғысынан медициналық ұйымдардың даму жоспарын қайта қарап, артық шығындарды алып тастауы қажет.

6) Медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектесу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?   

Қазір Бюджет кодексіне кіретін тегін медициналық көмекті қосымша қамтамасыз ету туралы норма шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу мәселесі пысықталуда.

Бұл ретте кредиторлық берешекті өтеу мәселелері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кірмейтініне қарамастан, Қор жағдайды қарап, талдау жасайды әрі медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2023 жылдың шілдесінде МӘМС жүйесінен қосымша 60 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Қаржы филиалдарға жеткізіліп, медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін жасауға медициналық ұйымдар арасында бөлінді.