Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 135

Жаңалықтар

«Проблемаларды шешу үшін біз бірігуіміз керек»: Сәбит Ахметов Нұртай Сабильяновпен бірге Абай облысындағы бірқатар медициналық нысандарды аралады


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов 2022 жылғы маусымда Президенттің Жарлығымен жаңадан құрылған Абай облысына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында сайланған депутат Нұртай Сабильяновпен және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевпен кездесті.

Олармен бірге 2 күннің ішінде бірқатар медициналық ұйымдарда болды - Семей қаласындағы №7 емханада, Жедел медициналық жәрдем ауруханасында (ЖМЖА), Жедел жәрдем станциясында, Облыстық перинаталдық орталықта және Бородулиха аудандық ауруханасында болды, сонымен қатар облыстың медицина қауымдастығымен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылады.


Естеріңізге сала кетейік, бұл Медициналық сақтандыру қоры басшысының өңірлерге жасаған алтыншы жұмыс сапары. Сапардың басты мақсаты-жергілікті жерлердегі нақты жағдайды көру және медициналық ұйымдар тәжірибесінде кездесетін барлық мәселелерін барынша ескеру. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанының соңына дейін барлық өңірлермен танысу жоспарлануда.


«Менің ойымша мұндай сапарлар мен кездесулер өте маңызды және қажет. Абай облысында жақсы техникалық жарақтандыру, кадрлармен қамтамасыз етудің айтарлықтай жоғары пайызы, мықты мамандар базасы, мамандандырылған медициналық көмектің жоғары деңгейі байқалады. Иә, медицина қызметкерлерінің тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелер де жоқ емес, біз оларды өзімізге жазып алдық және оларды шешу жолында жұмыс істейтін боламыз.», – деп атап өтті Сәбит Ахметов медицина қауымдастығымен кездесуде.


Кездесу барысында қаржыландыру, тарифтерді көтеру, клиникалық-шығынды топтар (КШТ) бойынша қаржыландыру әдісін қайта қарау, жарақтандыру, клиникалық хаттамаларды қайта қарау, бірлескен орындаушылар алдында сызықтық шкала мен кредиторлық берешекті қолдану, соның ішінде медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуіне орай еңбекақы төлеу қорына жүктеменің артуына байланысты туындайтын мәселелер айтылды.  

«Қаржыландыру және тарифтерді көтеру мәселелері егжей-тегжейлі пысықтауды, оның ішінде уәкілетті органмен талқылауды және заңнамалық деңгейдегі өзгерістерді талап етеді. Біз МӘМС бойынша тарифтерді алып, бірден көтере алмаймыз, өйткені ол кезде ТМККК бойынша тарифтерді де көтеруіміз керек болады. Ал бұл республикалық бюджет. Қазір біздің басты міндетіміз-ТМККК және МӘМС пакеттерін нақты бөлу. Біз бұл мәселені шешкен кезде қаржыландыру бөлігіндегі мәселелер де шешіледі деп ойлаймын. Дегенмен, біз өз тарапымыздан барлық сұрақтарды жинадық, міндетті түрде ұсыныстарды тұжырымдап, әрі қарай жұмыс істеу үшін денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз. Сызықтық шкалаға келетін болсақ, бұл Шарттың міндетті талаптары» - деп өз сөзін толықтырды Медициналық сақтандыру қорының басшысы.


2023 жылы облыстың медициналық ұйымын қаржыландыру шамамен 10 млрд теңгеге өсті – 2022 жылғы 70,1 млрд теңгеден ағымдағы жылы 80,2 теңгеге дейін. Айта кетейік, бүгінде облыста 65 жеткізуші жұмыс істейді. Оның ішінде жеке меншік нысанындағы 34 медициналық ұйым бар. Бұл барлық жеткізушілердің 52%-ын құрайды.

Нұртай Сабильянов өз кезегінде Сәбит Ахметовке аймаққа келгені үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан айтылған мәселелерді шешуде бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

«Сәбит Мейрамұлына бірлесіп ұйымдастырылған жұмыс сапары үшін алғыс айтамын. Осы күндері біз Семей қаласының 4 медициналық ұйымдарына барып, олардың жетістіктері мен проблемаларымен жеке таныстық. Енді біз әрбір мәселені өз құзыретіміз шеңберінде шешуіміз керек, атап айтқанда, Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, бұйрықтары мен ережелеріне өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ, «МӘМС туралы» Заңға және Халық денсаулығы туралы кодекске өзгерістер енгізуді әзірлеу қажет деп ойлаймын. Біз қазір барлық проблеманы бірден шешеміз деп айта алмаймыз. Бірақ, Денсаулық сақтау басқармасымен және Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп жұмыс істегенде, бұл мүмкін деп ойлаймын. Проблемаларды шешу үшін біз бірігуіміз керек», - деп атап өтті Нұртай Сабильянов .

Кездесу барысында депутат МӘМС жүйесінде мәртебесінің болмауына байланысты шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімсіздігі туралы тағы бір проблеманы көтерді. Себептер әр түрлі: біреу жарналарды төлей алмайды, мысалы: бөлінген аудандар мен ауылдардағы банк бөлімшелерінің, интернет және банкоматтардың болмауына байланысты.