Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 435 076
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
300 063 545 146
Келіп түскен өтініштер
26 386

Жаңалықтар

ӘМСҚ қызметкерлерге компьютерлер сатып алу бойынша түсініктеме берді

Қазіргі уақытта 2019 жылы ӘМСҚ филиалдарының қызметкерлері үшін сатып алынған 70 ноутбукті есептемегенде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының меншігінде бірде-бір дербес компьютер жоқ. Бұл туралы "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық қызмет сапасының мониторингі бөлімінің қызметкерлері медициналық ұйымдарға, оның ішінде ауылдық мекемелерге барады, онда ҚР ДСМ ақпараттық жүйелеріндегі электрондық құжаттармен жұмыс істеу қажет.

Бұл ретте 2017 жылы ӘМСҚ құрылған сәттен бастап қызметкерлердің барлық дербес компьютерлері жалға алынды.

2018 жылы төрт жүз компьютер сатып алу жоспарланған, алайда жеңімпаз Өнім берушілер шарт талаптарын орындай алмауына және ДК ұсынбауына байланысты 2019 жылы Қор оларды жалға алуды жалғастырды. Барлық сатып алулар ҚР заңнамасына қатаң сәйкестікте мемлекеттік сатып алу порталында қажетті рәсімдік нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылды және жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы Қор 802 компьютер сатып алуды жоспарлады (сондай-ақ Қор филиалдарының техникаға деген қажеттілігін ескере отырып). 26 маусымда ДК жеткізуге шарт жасалды және әзірше Қор Өнім берушіден оргтехниканы жеткізуді күтуде. Компьютерлер келгеннен кейін, жалға алудан бас тартады.