Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 216

Жаңалықтар

2020 жылы МӘМС жүйесіне жарна мен аударым ретінде 550 млрд теңге түсті

2020 жылы МӘМС-ке жарна мен аударым ретінде 550 млрд теңге түсті.  Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы  Б.Төкежанов мәлімдеді.

Қаржының басым бөлігі жеңілдік жасалған топтар үшін төленген мемлекеттік жарналарға тиесілі – 297,6 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 54%-н құрады. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударымның жалпы сомасы 162,6 млрд теңге (30%) мөлшерінде. Сонымен қатар жеке тұлғалардың жарнасы 16% болса, жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың жарнасы – 10,4 млрд теңге, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар - 2,3 млрд теңге, БЖТ төлеушілер – 2,8 млрд теңге - 2,3 млрд теңге болып табылады.

«МӘМС түскен барлық қаражат халыққа медициналық көмек көрсетуге жұмсалады. Өткен жылы қордың медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 1 807 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты. ТМККК қаржыландыру – 1 237,7 млрд теңгені, МӘМС – 569,3 млрд теңге мөлшерінде» – деді Б.Төкежанов.