Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 246

Жаңалықтар

Қазақстандықтарға емханаларда 215 млн-ға жуық қызмет көрсетілді – Б. Төкежанов

Өткен жылы амбулаториялық деңгейде халыққа 215 млн-ға жуық қызмет көрсетілді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ӘМСҚ басқарма төрағасы Б. Төкежанов мәлімдеді.

110 миллион қабылдау, оның ішінде 33 миллионға жуық бейінді мамандардың қабылдауы, 65 млн зертханалық диагностика қызметі, шамамен 28 млн процедура мен манипуляция, 11 млн диагностикалық қызмет, оның ішінде 454 мың КТ / МРТ, 2,8 млн УДЗ, 13,5 мың ПЭТ диагностикасы кіреді.

Емханалар арқылы көрсетілген барлық консультациялық-диагностикалық қызметтің негізгі бөлігі медициналық сақтандыру есебінен төленген.

Өткен жылы күндізгі стационарға 1 млн-нан астам адам жатып емделді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 508 мың және МӘМС жүйесінде - 578 мың емдеуге жатқызу (әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда).

2,7 млн-ға жуық пациент тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда (әлеуметтік мәні бар ауруларды есепке алмағанда) ем алды.

“Ауруханаға жатқызудың жалпы құрылымында  шұғыл көмек 62%-ды құраса да, шұғыл госпитализация жағдайлары айтарлықтай төмендегенін атап өткен жөн”, – деді Қор басшысы.

Жоспарлы емге қолжетімділік те артты: пациенттердің 86% бір күннен он күнге дейінгі мерзімде стационарларға орналастырылды және тек 5%-ы 30 күннен астам уақыт күтті. 2019 жылы бір айдан астам уақыт ауруханаға жатқызуды күткен пациенттер саны 12% жеткен болатын.