Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 456 951
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 051

Жаңалықтар

Б.Төкежанов: 2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 9 есеге өсті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде: егер 2019 жылы бұл қызметті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 559-ға жетті. Бұл туралы ОКҚ брифингінде МӘМҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты.

“Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Қазір бұл орталықтар мен бөлімшелерде коронавирус инфекциясынан кейін асқынуы бар науқастар қалпына келтіру емін алуда”, - деді Б.Төкежанов.

Өткен жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар 31 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін көрсетті, оның ішінде 132 мыңы стационарлық жағдайда оңалту. Олардың ең көп саны өткен жылдың соңғы тоқсанында болды. Бұған Covid-19 және коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту кіреді.

2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге артып, 55,8 млрд теңгеге жетті.