Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 607

Жаңалықтар

Медицина қызметкерлеріне үстемақы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында да төленеді - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы

2020 жылдың қорытындысы бойынша Covid-19  және вирустық пневмониямен күреспен айналысқан 470 мыңнан астам медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. Жыл ішінде бұл мақсатта 110 млрд теңге бағытталды.

“Жақында ынталандыру үстемақы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында да төленеді деген шешім қабылданды. Контингент пен алушылар тобы өзгеруі мүмкін, барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты”, - деді Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазір әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры желтоқсан айында үстемақы төлеуді аяқтауда, жалпы алғанда оны 52 мыңнан астам медицина қызметкері алады: 11 мың адам бірінші қауіп тобында, 17 мың адам екінші топта, 22 мың адам үшінші топта еңбек етті.

Естеріңізге сала кетейік, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты және сәйкесінше 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды.

Наурыздан қарашаға дейін белгіленген ынталандыру төлемі төленді:

наурызда -19 340 медицина қызметкері;

сәуірде - 42 926 медицина қызметкері;

мамыр айында - 40 416 медицина қызметкері;

маусым айында - 53 160 медицина қызметкері;

шілдеде - 78 963 медицина қызметкері;

тамыз айында - 66 249 медицина қызметкері;

қыркүйекте - 36 503 медицина қызметкері;

қазан айында - 37 893 медицина қызметкері;

қараша айында - 43 825 медицина қызметкері.