Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 528 909
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
296 930 933 842
Келіп түскен өтініштер
26 290

Жаңалықтар

МӘМС желісі бойынша коронавируспен күреске шамамен 187 млрд теңге бағытталды

Өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін 187,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ӘМСҚ Басқарма төрағасы Б. Төкежанов мәлімдеді.

Желтоқсандағы болжамды соманы қоса есептегенде:

  • медицина қызметкерлеріне үстемақыға -110,9 млрд теңге;
  • медициналық көмекке және КВИ таралуын тоқтатуға – 53,9 млрд теңге, провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді.
  • ПТР диагностика қызметіне – 19,7 млрд теңге, 1,9 млн-нан астам ПТР-тест өткізілді
  • мобильді бригадалар – 3,2 млрд теңге, 550 мыңға жуық шақыруға қызмет көрсетті.

«Бизнес өкілдері жарна төлеуден босатылғаны естеріңізде болар, Үкімет шараларының арқасында біз қиын жағдайларға байланысты сақтандыру мәртебесін жоғалтқан адамдарға қайтарып бердік. Қордың басты құндылықтары адамдардың денсаулығы болғандықтан, Қор айтарлықтай қаржылық шығындарға қарамастан, осындай маңызды ымыраға келді», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы.