Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 614

Жаңалықтар

ӘМСҚ халық үшін 1,5 трлн теңгеге медициналық қызметтерді сатып алуда – Б. Төкежанов

Желтоқсан айының басында қор 2021 жылға арналған ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызметтердің негізгі көлемін сатып алуды жариялады.

Негізгі сатып алу сомасы шамамен 1,5 трлн теңгені құрады. Бұл сома жыл соңына дейін орта есеппен 20% артады деп болжануда.

(ТМККК жоспары – 1 114 693 735 мың теңге, МӘМС – 705 395 712 мың теңге).

“2020 жылы пандемияға байланысты халыққа арналған бастамалардың бір бөлігін жүзеге асыра алмадық, бірақ біз олардан бас тартпаймыз және осы жылы оларды іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету, мектеп медицинасын дамыту, стационарды алмастыратын көмек, оңалту”, - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы.

Халықтың қажеттілігінің артуын және елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, медициналық көмекті сатып алу көлемі ұлғайды. ТМККК пакетінде  бұл инфекциялық аурулары бар пациенттерге, онкологиясы бар пациенттерге арналған медициналық көмекке, паллиативтік қызметтерге қатысты. Сақтандырылған халық үшін мамандандырылған медициналық көмектің, оның ішінде ауылдық жерлерде қымбат жоғары технологиялық қызметтердің көлемі артты.

Сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын 30% дейін және орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%  дейін (132 млрд теңге) арттыруға қаражат жоспарланған.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру да назардан тыс қалған жоқ, осы бағыт бойынша қаржыландыру көлемі 20%-ға  өседі.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ЭКО қызметтерінің саны жеті есеге артқанын атап өткен жөн. Егер 2020 жылы 1000-нан астам отбасыға ана мен әке болу қуанышын сезіну мүмкіндігі туса, 2021 жылы олардың саны 7 мыңға дейін артады” -деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы.