Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 528 909
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
296 930 933 842
Келіп түскен өтініштер
26 295

Жаңалықтар

2020 жылы тұрғындардың 720 мың өтініші қарастырылды – Б. Төкежанов

Қор өзінің байланыс арналары арқылы халықпен кері байланысты орнатуына ерекше назар аударады.  Өткен жыл ішінде біз 720 мыңға жуық өтінішті қабылдап, қарадық. 95%  астамы - МӘМС жүйесіне қатысу, медициналық көмек алу, коронавирус бойынша консультациялар. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ӘМСҚ Басқарма төрағасы Б. Төкежанов мәлімдеді.

Осы өтініштердің ішінде қормен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарты бар медициналық ұйымдардың атына келіп түскен 8 мыңға жуық шағым бар.

Халық көбінесе консультациялық-диагностикалық қызметтердің қол жетімсіздігіне (жабдықтың болмауы, күту ұзақтығы, жолдаманың берілмеуі, кадр тапшылығы), медицина қызметкерлерінің дөрекілігі мен біліксіздігіне, медициналық көмек көрсету сапасына, ақылы қызметтерге жіберуге, ауруханаға жатқызудан бас тартуға, КДҚ ұзақ күтуге және т. б. шағымданады.

Олар, ең алдымен, халыққа медициналық көмекті дұрыс ұйымдастыруға қатысты, оның мәселелерін жергілікті жерлерде медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау басқармалары шешуі тиіс.

Қор медициналық қызметтерді қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін тұрақты орындайтынына қарамастан, пациенттің жолында түрлі кедергілер туындайды – бұл бірлесіп орындау шарттарының болмауы,  техниканың жетіспеуі, бейінді мамандардың тапшылығы,  ұзақ кезек күту, қандай да бір қызметтерді, әсіресе КДҚ ұсынудан бас тарту.

Денсаулық сақтау саласындағы жүйелі проблемаларды  медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейін арттыру, инфрақұрылымды қосымша қаржыландыру, медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау арқылы бірлесіп шешу қажет.

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қатысушысы ретінде қор 2021 жылы осы мәселелерді бірлесіп шешу жұмыстарын жалғастырады, бұл ретте басты мақсат – пациенттердің құқықтарын қорғау. Денсаулық сақтаудағы басты тұлға - науқас, оның мүдделері мен денсаулығы.

“Біздің мақсатымыз - денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің сапасын арттырудың катализаторына айналатын медициналық қызметтерді жеткізушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру. Осы жылдар ішінде жеке жеткізушілер нарығының динамикасы 50%-ға  асты, бұл соңғы 3 жылда қол жеткізілген үлкен нәтиже. Біз адал бәсекелестік деген ұстанымға берік боламыз, бұл сапалы медицинаға апаратын жалғыз жол” -деп Б.Төкежанов тұжырымдады.