Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 464 726
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
308 528 607 432
Келіп түскен өтініштер
27 313

Жаңалықтар

114 мыңнан астам қазақстандық 2020 жылы оңалтудан өтті

2020 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық-емханалық көмекті басымдықпен қаржыландыруды қамтамасыз етті. Бастапқы деңгейде ел халқына 198 млн қызмет көрсетілді. МСАК дәрігерлері 72 млн қабылдау, бейінді мамандар - 29 млн астам қабылдау өткізді.

2020 жылдың 11 айында ТМККК және МӘМС шеңберінде емханалардың жолдамасы бойынша халыққа КТ және МРТ 390 мыңнан астам, 12 мың – позитронды эмиссиялық томография, 2,4 млн – УДЗ қызметтері көрсетілді.

Қаңтардан қарашаға дейін МӘМС қаражаты есебінен күндізгі стационарларға 511 мың адам, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларға 769 мың адам жатқызылды.

Пациенттер қымбат операциялар түрінде 8500 жоғары технологиялық медициналық қызмет алды, олардың 7932 МӘМС қаражаты есебінен төленді. Емделген жағдайдың орташа құны-3,2 млн теңге. Тегін кепілдендірілген көмек аясында бұл мақсаттарға 26,9 млрд теңге, МӘМС бойынша 24,6 млрд теңге жұмсалды.

Жіті жағдайлар мен жедел араласулардан кейін МӘМС есебінен жалпы сомасы 24,4 млрд теңгеге 114 мыңнан астам адам медициналық оңалтудан өтті.

«Айта кету керек, COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастар қай жерде емделсе де, медициналық ұйымда немесе үйде қалпына келтірілуі мүмкін. Негізгі шарт-айғақтардың болуы. Әрбір пациент үшін оңалту курсы жеке іріктеледі: ағзаның ерекшеліктері, қосалқы аурулардың болуы, жүгінгендердің жасы ескеріледі», - деп еске салды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында.

Жалпы, коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларға наурыздан қарашаға дейін Қор 168 млрд теңге бөлді. Қаражаттың басым бөлігін, ал бұл 98 млрд теңге қауіпті жағдайларда еңбек етуді жалғастырып жатқан медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне үстеме ақылар құрады.

25 млрд теңгеден астам қаржы провизорлық және карантиндік ауруханаға жатқызуға, 26,4 млрд теңге – коронавирус пен коронавирустық инфекцияны емдеуге, 16,2 млрд теңге – ПТР диагностика қызметтеріне бағытталды.

2021 жылы Қор медициналық көмекті сатып алу көлемін ұлғайтуға ниетті. Сақтандырылған халық үшін қымбат жоғары технологиялық қызметтер мен мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде ауылдық жерлерде, одан да қол жетімді болады.