Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 435 076
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
300 063 545 146
Келіп түскен өтініштер
26 607

Жаңалықтар

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталуда

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық кеңес онлайн-отырысының №9 хаттамасына сәйкес, кеңес құрамының өкілеттік мерзімі 2022 жылдың 25 қазанында аяқталды. Қазіргі уақытта Қоғамдық кеңес туралы Ережеге сәйкес, жаңа құрам жасақталуда. 
Қоғамдық-Консультативтік кеңес мүшелігіне кандидатураларды қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілер және мемлекеттік органдар және өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынуы тиіс.
Кеңестің жаңа құрамы туралы қосымша хабарлаймыз.
Қоғамдық кеңес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ұсыныстар дайындап, ел азаматтарының осы жүйе аясында медициналық көмекті алуы кезінде кездесетін   қандай да бір түйткілді мәселелердің шешілу жолдарын қарастырады. Сондай-ақ, қоғам пікірлерін ескеріп, өзара іс-қимыл тетіктерін қарастыру бойынша жұмыстарын алдағы уақытта да жүргізеді.