Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 528 909
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
296 930 933 842
Келіп түскен өтініштер
26 283

Жаңалықтар

Жоспарлы медициналық көмекті 1 тамыздан қайта бастау жоспарлануда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жоспары әзірленді. Бірінші кезекте, COVID-19 қарсы  күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған стационарларды кезең-кезеңмен іске қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильді клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі.

Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.

Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.

Осылайша, биыл  бірінші тоқсанда тәулік бойғы стационарларда 827 мың пациентке мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%  артық, жоспарлы емдеуге жатқызу 79% артты. Медициналық оңалту көлемі 35%  көбейді, бұл ретте инсульттан кейін пациенттерді қамту 2,3 есеге өсті. Жалпы алғанда, әрбір 3-ші пациент бірінші тоқсанда МӘМС қаражаты есебінен емделді.

"Денсаулық сақтау жүйесі вирусты жеңеді деп үміттенеміз және Қор пациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралады", - деді Болат Төкежанов.