Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады. Сіз үйден шықпай-ақ, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).
Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;
- Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;
- Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;
- «Өтініш құру» нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз;
- Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
- «Өтініш мәтіні» өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз;
- Растайтын құжаттың фотосын немесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
- «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз;
Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.