Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 492 469
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
322 352 409 968
Келіп түскен өтініштер
28 897

Жаңалықтар

МӘМС: бизнестің үздік ТОП-7 сұрағы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті төлемдер бойынша кімге кейінге қалдырылды және неге кәсіпорын қызметкерлері МӘМС-те медициналық қызмет көрсетуден бас тартуда-бизнестің ең өзекті мәселелеріне жауап береміз.

МӘМС үшін төлемдерді 1 қазанға дейін кім төлемейді және кімдер үшін жеңілдік кезеңі 1 шілдеде аяқталды?

1 сәуірден 1 шілдеге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеуден мынадай қызмет түрлері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері босатылды:

  • автомобильдерді, жеңіл автокөлік құралдарын, мысалы, мотоциклдерді, автомобиль бөлшектерін, тораптарды және керек-жарақтарды бөлшек саудада сату;
  • дәріханаларды, тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын сатуды қоспағанда, ірі сауда желілеріндегі, стационарлық сауда объектілеріндегі, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда;
  • жол бойындағы жолақта орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары жүргізгендерді қоспағанда, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • әуе жолаушылар көлігі;
  • қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;
  • деятельность ресторанов и предоставление услуг по доставке продуктов питания;
  • жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару, сонымен қатар коммерциялық үй-жайларды жалға беру.

1 сәуірден 1 қазанға дейін МӘМС жарналарын төлеуден босату әрекет етеді және ШОБ субъектілері үшін 29 қызмет түрі бойынша қызметкерлердің сақтандырылуы сақталады:

  • заң кеңесшілері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар;
  • коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңесшілер;
  • туристік агенттіктер мен туроператорлар;
  • санитарлық-эпидемиологиялық, ауруханалық және санаторлық-курорттық ұйымдар;
  • жеке меншік мектепке дейінгі, бастауыш және орта оқу орындары;
  • жеке дәрігерлік практика, стоматология;
  • концерт және театр залдары;
  • фитнес-клубтар;
  • тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және химиялық тазалау;
  • шаштараз және сұлулық салондары.
Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін (1 қаңтардан 1 шілдеге дейін) бизнес өткен 6 ай үшін өз қызметкерлері үшін аударымдар төлеуі керек пе?
Жоқ. Жеңілдікті кезең ішінде бизнес төлемдер төлеуден толығымен босатылады. Яғни, 1 сәуірден 1 шілдеге дейінгі аралықта ірі кәсіпкерлік, сондай-ақ 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі аралықта шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметкерлері үшін міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті емес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысы). Сонымен бірге, жұмыс беруші ұсынған тізімдерге сәйкес аталған кәсіпорындардың барлық қызметкерлері жүйеде сақтандырылған болып саналады.

Қызметкерлерге аударымдардың мөлшері қандай?

Жұмыс беруші қызметкер үшін қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде аударымдар төлейді, сондай-ақ қызметкердің есептелген жалақысынан 1% ұстап қалады.

Жұмыс берушіге қызметкерлер үшін аударымдарды уақтылы төлемегені немесе толық төлемегені үшін өсімпұлдар немесе айыппұлдар есептеле ме?

Иә. Өз қызметкерлері үшін жарна аударатын жұмыс берушілер үшін МӘМС бойынша берешек үшін төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген. Егер жұмыс беруші қызметкерге ақы төлемесе немесе оны уақтылы жасамаса, қызметкер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде «сақтандырылмаған» күйіне өзгереді.

Жұмыс беруші Қазақстанның резиденттері болып табылмайтын қызметкерлер үшін Қорға ӘМС аудару керек пе?

Иә. Егер қызметкер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Армения, Беларусь, Қырғызстан, РФ) азаматы болса, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың және «МӘМС туралы» Заңның талаптарына сәйкес ай сайын қызметкерге аударымдар жүргізуге міндетті.

Жұмыс беруші жарналарды ЖК ретінде дербес аударатын қызметкер немесе АҚС шарты бойынша қызметкер үшін аударымдар жүргізуі тиіс пе?

Иә. Жұмыс беруші қызметкердің қосымша әлеуметтік мәртебесінің болуына қарамастан, өз міндеттемелеріне сәйкес аударымдар жүргізеді. Бұл ретте қызметкер өзі үшін ЖК ретінде 1,4 ЕТЖ-нің 5% - ы немесе 2 975 теңге мөлшерінде, не шарт бойынша алынатын табыстың 1% - ы мөлшерінде АҚС-ның шартшысы ретінде жарналарды аударады. Бұл ретте барлық көздерден алынатын салық салынатын жиынтық табыс 10 ЕТЖ-ден немесе 425 мың теңгеден аспауы тиіс.

1 қазанға дейін қызметкерлер үшін аударымдар төлеуден босатылған кәсіпорындардың қызметкерлері МӘМС-тен медициналық көмек ала ала ма?

Ия, мүмкін. 1 қазанға дейін пандемияға байланысты шектеу шараларын енгізуден барынша зардап шеккен экономика секторларында қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілерінің қызметкерлеріне әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілген тізімдерге сәйкес «сақтандырылған» мәртебесі беріледі.

Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.