Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 531

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 7 айында МӘМС шамамен 95 млн медициналық қызметті қаржыландырды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «МӘМС іске асыру барысы және «Мемлекет басшысының медициналық сақтандыру жүйесін жақсарту жоспарлары туралы» МӘМС жүйесін іске асырудағы нәтижелерімен бөлісті.

 

Қор басшысы атап өткендей, қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болатын медициналық қызметтерді ала алады. 2022 жылдың 7 айында салалық мамандардың 95 млн кеңесі мен диагностикалық тексерулер, соның ішінде қымбат тексерулер – КТ, МРТ, ПЭТ көрсетілді.

«3 жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін көрсетілді және оны ұсынатын медициналық ұйымдар санаулы болды. Жеке меншік клиникалар заманауи жабдықтарға, сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде», – деді Айдын Ашуев.

Қор басшысы айтқандай, биыл жоғары технологиялық көмек көлемі бір жарым есеге өсті. Осы жылдың 7 айында 12,6 мыңға жуық қымбат операциялар жасалды.  

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша Қор 7 айда 7 мың ЭКО процедураның 4 мыңға жуық репродуктивті қызметін қаржыландырды. ЭКО бағдарламасына денсаулығына және процедураның қымбаттығына байланысты ана мен әке бақытына қол жеткізе алмайтын отбасылар жүгінеді», - деді спикер.

«Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық қызметтердің кең тізбегін алуға барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Енді медициналық көмекті тікелей ұйымдастыру, клиникалар ішіндегі табысты менеджмент, пациенттерді дұрыс бағыттау сынды сұрақтар бірінші орынға шығады», - деп атап өтті МӘМС басшысы.