Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 500 628
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
329 410 723 963
Келіп түскен өтініштер
29 547

Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қоры COVID-19-ға қарсы күреске қатысқаны үшін 78 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төлейді

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы күреске тартылған 78 мың медицина қызметкерлеріне шілде айында үстемеақы бойынша төлемдер жүргізіледі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шілде айында медицина қызметкерлерінің белгіленген жалақысына қосымша 24 млрд теңгеден астам қаржы төледі.
Ай сайын инфекциямен қауіпті жағдайларда жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны өсуде. Егер маусым айында 53 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алса, шілде айында олардың саны 78 мың адамға дейін артты.

Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстемеақылар көзделген. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтары, үстемақы алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдердің мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша ақы 212 мың теңгеден (5 ЕТЖ) 850 мың теңгеге дейінгі (20 ЕТЖ) соманы құрады.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуде. Бұл өзгерістер жалақыға үстемеақы ала алатын медицина қызметкерлерінің санаттарын кеңейтуді көздейді. Ең алдымен, бұл мобильді бригадалардың жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне әсер етеді.
Естеріңізге сала кетейік, үстемеақы алушылардың тізімін жедел штабтар жанынан құрылған өңірлік комиссиялар қалыптастырады. Комиссиялардың төрағалары әкімдердің орынбасарлары болып табылады, олардың құрамына Медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де кіреді.

Өз кезегінде, Медициналық сақтандыру қоры тізімдер бойынша деректердің дұрыстығын, Денсаулық сақтау министрінің «COVID-19 коронавирусымен күресте эпидемияға қарсы шараларға қатысатын медицина қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкестігін тексереді.

Егер медицина қызметкерлерінде үстемеақы төлеу бойынша сұрақтар туындаса, олар өңірлік комиссияларға жүгінуі қажет.

Коронавируқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізіндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойныша төлейді.