Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 960

Жаңалықтар

Медициналық қызмет сапасының мониторингін арттыру жөніндегі шаралар ӘМСҚ жанындағы Қоғамдық-Консультативтік кеңестің отырысында талқыланды

Кеше 2020 жылғы 24 желтоқсанда Серік Бектұрғановтың төрағалығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі-Қор) жанындағы Қоғамдық – Консультативтік Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы онлайн режимінде өтті. Талқылау тақырыбы медициналық ұйымдардың халыққа көрсететін медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізу болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Кеңестің алдыңғы отырысында бұл тақырып үлкен қызығушылық тудырған болатын.

Осыған байланысты, Қор Басқарма Төрағасының орынбасары Лязат Ақтаева көрсетілген медициналық қызметтердің ақаулары анықталған кезде мониторингті жүргізу тәртібі, медициналық ұйымдарға қаржылық және қаржылық емес әсер ету шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

«Қор тұрақты негізде көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне ағымдағы мониторингті мынадай алгоритм бойынша жүргізеді: барлық медициналық ұйымдар көрсетілген медициналық қызметтер туралы деректер Денсаулық сақтау министрлігінің және Қордың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, оларда медициналық қызметтер көрсетудің кеістіктерін автоматтандырылған айқындау іске асырылған өздерінің ақпараттық жүйелеріне енгізеді. Барлық көрсетілген медициналық қызметтердің үштен бір бөлігі автоматты түрде сараптамаға түседі, оның барысында Қор сарапшылары пациентке көрсетілген көмектің толықтығын, уақтылығын, сапасын зерделейді, анықтайды», - деп атап өтті спикер.

Егер қандай да бір медициналық ұйымға пациенттен шағым түскен жағдайда, Қор жоспардан тыс мониторинг жүргізеді, деп түсіндірді Лязат Ақтаева.

Бекітілген ақаулардың бірыңғай жіктегішіне сәйкес клинпротоколдардан негізсіз ауытқу, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын сақтамау, ақпараттық жүйелерге медициналық ұйымдарда көрсетілмеген қызметтерді енгізу кезінде айыппұлдар салынады - бұл қаржылық ықпал ету шаралары.

Кеңес мүшелері мұндай шаралар тиімсіз болуы мүмкін, бұл ретте жеткізушілерге қаржылық жүктеме түседі деген пікір білдірді.

«Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төлебай Рахыпбеков қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тактиканы ауыстыру – жазалау емес, медициналық ұйымдарды ынталандыру қажет екенін атап өтті.

Лязат Ақтаева, өз кезегінде, Қордың бұл бағыттағы жұмысы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

2021 жылдан бастап Қор проактивті мониторинг енгізеді. Оның қолданыстағы айырмашылығы-жеткізушілерде анықталған ақаулар мен орындалмаған шарттық міндеттемелерді жою үшін 45 күн беріледі. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда ғана медициналық ұйымға айыппұл салынады.

Кеңес мүшелері сенатор Ақмарал Алмурзаеваның ақаулардың бірыңғай жіктегіші, айыппұл санкцияларынан ынталандыру шараларына өту жолдары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы ұсынысын қолдады.

Денсаулық сақтау саласының сарапшысы Данияр Қалиевтің пікірінше, Қорда сапа мониторингінің дұрыс жүйесі құрылған. Сонымен бірге, ӘМСҚ Стратегиялық сатып алушы ретінде бақылау жүйесінен тәуекелдерді айқындау негізінде қызметтер сапасын бағалаудың объективті жүйесіне кезең-кезеңімен көшуі тиіс. Анықталған ақаулар саны көп медициналық ұйым жиі тексерілуі тиіс. Бұл ретте ашық электрондық порталдар арқылы өлшенетін клиника пациенттерінің қанағаттануы негізгі өлшемшарт болып табылады.

Кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов: медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету және пациенттердің құқықтарын қорғау үшін медициналық ұйымдарды бақылаудың және оларды ынталандырудың тиісті деңгейін, тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап өтті.

Отырыста сондай-ақ Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.