Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 435 076
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
300 063 545 146
Келіп түскен өтініштер
26 606

Жаңалықтар

Қорда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі

2022 жылғы маусым мен шілде аралығындағы кезеңде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қордың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Жұмыс тобының жетекшісі болып комплаенс-менеджер Меруерт Узденбаева тағайындалды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар өтті. Семинар барысында ұжымға оқу материалдары ұсынылып, бұндай талдаудың жүргізілу себебінің ерекшеліктері түсіндірілді.

Қордың қызметін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы бойынша оның ұйымдастырушылық-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар зерттеудің негізгі объектілері болып табылады. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің, ішкі бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қызметтерінің іс-шараларының нәтижелері, прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасының заңнамасында беруге жол берілетін өзге де мәліметтер зерделенеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ақпаратты жұмыс тобы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдайды.