Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 832

Жаңалықтар

ҚКК-де Медициналық сақтандыру қорының Даму стратегиясы талқыланды

2025 жылға қарай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әлеуметтік бағдарланған және транспарентті ұйым ретінде құрылуы тиіс, деп есептейді ӘМСҚ Қоғамдық-консультативтік кеңесінің мүшелері. Олар ҚКК кезекті отырысы барысында даму туралы өз ойларымен бөлісті.

Отырыстың күн тәртібіне Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын одан әрі дамыту туралы мәселе шығарылды. ӘМСҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айдар Нуралиев Қордың стратегиялық міндеттері халықтың сенімін арттыру және медициналық қызметтер нарығын дамытуға ықпал ету екенін атап өтті.

Ол үшін халықты МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу, Қордың стратегиялық сатып алушы ретіндегі рөлін күшейту, пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

1406 Байланыс орталығы қызметтерінің жоғары сұранысына байланысты оны кеңейту мәселесі өзекті болып отыр.

«Денсаулық сақтау министрлігі Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық және басқа да қызметтердің тізбесіне 1406 Бірыңғай медициналық ақпараттық байланыс орталығының нөмірін енгізу мәселесін бірнеше рет көтерді. Әзірге бастама қолдау таппады. Қазіргі уақытта мәселе қайта қолға алынуда», - деп түсіндірді А.Нуралиев.

ҚКК барысында көтерілген және бүгінгі күні түпкілікті шешілмеген тағы бір маңызды мәселе-ТМККК-ні орталықсыздандыру.

«Медициналық көмекті қаржыландыруды кепілді тегін көлемде беру кезінде мүдделі тараптардың жауапкершілігін, осы реформаның артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдерді ескеру қажет. Сондай-ақ, өңірлердің денсаулық сақтау инфрақұрылымы дайын емес, ал жергілікті атқарушы органдардың өздері халықты медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуға мүдделі емес екенін ескеру қажет», - деп баяндады Айдар Нуралиев.

Кеңес мүшелері ТМККК-ны қаржыландыруды өңірлік деңгейге беру жөнінде түрлі пікірлер айтты. ҚКК мүшесі Данияр Калиев бұл реформа соңғы жылдары қол жеткізілген денсаулық сақтау жүйесіндегі оң үрдістерді жояды деген пікір білдірді. Кеңестің басқа мүшелері айтқан пікірлер де қазіргі кезеңде ТМККК бойынша қызметтердің бір бөлігін жергілікті деңгейге беру туралы идеяны қолдамады. Осыған байланысты ҚКК мүшелерінен ұсыныстарды шоғырландыру және оларды денсаулық сақтау министрлігіне беру туралы шешім қабылданды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы орынбасарының екінші қосымша баяндамашысы Ильяс Мухамеджанның ақпараты бойынша МӘМС жұмыс істеген екі жылдың қорытындысы бойынша медициналық көмектің неғұрлым сұранысқа ие түрлері консультациялық-диагностикалық қызметтер болып табылады.

Атап айтқанда, клиникалық химия (биохимия), жалпы клиникалық зерттеулер, гематология, иммунология, микробиология, гистопатология және цитология, сондай-ақ электрокардиографиялық және эндоскопиялық тексерулер, офтальмологтың процедуралары мен манипуляциялары сияқты зертханалық талдаулар мен диагностикалық тексерулер сұранысқа ие.

Консультативті-диагностикалық қызметтерді тұтынушылардың айтарлықтай артқанын байқауға болады. 2019 жылы 56,4 млн қызмет,   2020 жылы – 206,3 млн қызмет, ал 2021 жылы 292 млн қызмет көрсетілген.

Ильяс Мухамеджан өз сөзінде атап өткендей, 2022 жылы COVID-19 ауруы төмендегеннен және шектеу шаралары жойылғаннан кейін амбулаториялық-емханалық ұйымдарға жүгінудің күрт өсуі байқалады, тиісінше консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру өсуде.

«Іс жүзінде барлық МСАК ұйымдары осы қызметтер бойынша, оның ішінде стоматологиялық көмек бойынша шарттың айлық сомасын асыра орындайды. Осыған байланысты, КДҚ-ның қолжетімділігіне қол жеткізу үшін стоматологиялық қызметтерге қормен тікелей шарттар жасасу, жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз белгілі бір КДҚ-ға жіберу, медициналық жабдықтарды сатып алу, тар шеңберлі мамандарды тарту, тарифтерді ұлғайта отырып, КДҚ-дағы көлемдерді ұлғайту ұсынылады», - деді ӘМСҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Кеңестің қосымша баяндамашысы Галия Тобатаева нормативтік-құқықтық базаның пациенттердің қажеттіліктеріне сәйкестігі мәселелерін шешу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ҚКК мүшелері ТМККК және МӘМС бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің тарификаторын өзектендіру туралы мәселені көтерді, себебі спикердің пікірінше, оған тиімділігі дәлелденбеген қызметтер енгізілген.

Сондай-ақ, ҚКК мүшелері Қорға халық тарапынан КДҚ тұтынудың күрт өсуіне назар аударуды ұсынды, бұл гипердиагностиканың белгісі болып табылады. Сондай-ақ, Куралбек Куракбаевтың пікірінше, жалпы практика дәрігерінің рөлін күшейту қажет, өйткені көптеген аурулар бойынша емдеуді учаскелік дәрігер тар шеңберлі мамандардың консультациясына жолдамай-ақ жүргізе алады. Бірақ бастапқыда халықтың жалпы тәжірибелік дәрігерлер институтына деген сенімін қайтару керек.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері олардың санын көбейту емес, ҚДҚ тиімділігін арттыру туралы, сондай-ақ учаскелік дәрігерлердің жолдамасынсыз ҚДҚ алуға рұқсат беру қаупі туралы пікір білдірді, өйткені бұл тар шеңберлі мамандардың кезектерінің көп болуына, олардың жұмысын жоспарлаудың мүмкін еместігіне әкелуі мүмкін.

Қоғамдық-Консультативтік кеңестің төрағасы Серик Бектурганов отырысты қорытындылай келе, Қордың денсаулық сақтаудың қаржы операторы ретіндегі рөлінің және Қордың денсаулық сақтау жүйесіндегі ұстанымын одан әрі нығайту қажеттілігінің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне министрдің ӘМСҚ жұмысын жетілдіру және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері бойынша ҚКК мүшелерімен кездесу өткізуінің қажеттілігі туралы шешім қабылданды.