Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 487

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында комплаенс-менеджер тағайындалды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 16.03.2022 жылғы № 168-и бұйрығымен комплаенс-менеджер лауазымына Меруерт Жүсіпқызы Узденбаева тағайындалды.

Комплаенс-менеджер қызметінің негізгі мақсаты Қор қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Комплаенс-менеджердің негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

2) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;

4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау мақсатында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

5) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.

Комплаенс-менеджер Қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлейді, түсіндіру іс-шараларын жүргізеді, мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді және т. б.

Қор сыбайлас жемқорлықтың ықтимал немесе белгілі жағдайлары туралы хабарламалар мынадай арналар және құпиялылықты қамтамасыз ететін байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін екенін атап көрсетеді:

1) Сенім телефоны – 8 (7172) 674-254;

2) Электрондық пошта мекенжайы: hotline@fms.kz; m.uzdenbayeva@fms.kz

3) Жұмыс телефоны: 67-41-14.