Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 463 375
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
308 528 607 432
Келіп түскен өтініштер
27 297

Жаңалықтар

ӘМСҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып Айдын Ашуев тағайындалды

ӘМСҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып Айдын Ашуев тағайындалды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып Ашуев Айдын Жұмабекұлы тағайындалды.
Ашуев Айдын Жұмабекұлы 1976 жылы 26 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Өз қызметін жеке ұйымда менеджер ретінде бастады. 
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 
Сақтандыру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінде, «ҚазАгрогарант» АҚ-да, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК-да жауапты лауазымдарды атқарды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін «Амангелді Газ» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы, Қазынашылық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жауапты хатшы лауазымдарын атқарды.
2021 жылғы қаңтардан бастап-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.